«Сауат ашу «Орман?а саяхат»


Тақырыбы: Саяхат
Орманға саяхат. Ң дыбысы мен әрпі.Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 1.2.9.1
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Бағалау критерийлер: Барлық оқушылар орындай алады:
Жаңа білімді анықтайды.
Әріптерді, сөздерді айтады, жазады
Орман туралы хабарлайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Сурет бойынша мәтін құрастырады
Топпен жұмыс жасайды,өздік жұмыстар орындай алады.
Аңдар жайлы саралайды
Кейбір оқушылар орындай алады:
Алған білімді өмірде қолдана алады.
Табиғат жайлы мақал ұсынады
Сызба бойынша сурет құрастырады
Тілдік мақсат: Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Оңаша, алаң, сыңар, саңырау,таң,таңдану.
Сыныптағы диалог\ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Оқушы мен мұгалім арасындағы диалог арқылы сурет бойынша мәтін құрастырады.Табиғат және оны қорғау жайлы әңгіме
Талқылауға арналған сұрақтар:
-«ң» дыбысы қандай дыбыс?
-Ол сөздің қандай бөлігінде кездеседі?
-Орманды білесің бе?
-Қызыл кітап деген не?
Не себепті ....деп ойлайсыз?
-Не себепті «ң» дыбысының бас әрпі жоқ?
-Табиғатты не себепті қорғайды?
Ишара: қолмен көрсету, смайликтер, от шашу
Алдыңғы оқу: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері
тапсырмалар дискрипторлар балл ресурстар
Басы
5 минут
1.Псих. дайындық
Екі қолдарын жоғары көтере отырып, кунен жылу алып, оны жүректеріне қояды. Алақандарын бір-біріне жанастыра отырып жылу таратады.
- Күн жер бетін өз шуағымен жылытса, біз бір-бірімізді жылы лебізімізбен жылытайық.
2. Саяхат
3. Топқа бөлу
Саяхатқа шығатын көліктің журісін салып (кеменің, автобустың, ұшақтың, поездың) ИТ-дан бейнежазба мәтінін тыңдай отырып бірге оқимыз.
-Күн шуағын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстап қаламын
Оқушылыр бір-біріне тілек айтады.
-Балалар, біз бүгінгі сабақты саяхаттан бастайық.
-Сендер саяхатты жақсы көресіңдер ме?
-Қайда саяхатқа бардыңдар? -Саяхатқа немен бардыңдар?

Біз орманға а*дарды көруге саяхатқа шықтық.(Қандай аңдарды? Қимадан аңдарды құрастырып топтарға бөлінеміз)Жолда ашық ала*нан жа*ғақ, са*ырауқұлақ тердік.
Бөліктерге бөлінген төрт суретті құрастыру арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді.
-Біз қандай әріпті қойдық?
-Кәне, осы әріпті дыбысталықшы.





Шаттық шеңбері
ИТ



Ортасы
20минут
4.Оқулықпен жұмыс
А).«ң» дауыссыз дыбыс екендігін оқушылар дыбыстай отырып анықтайды:
Сөздегі орнын анықтайды.
«ң» дыбысының артикулияциясымен жұмыс жасалады,
«Жаңғақ» сөзіне дыбыстық талдау
Ә).Сурет бойынша мәтін
ИТ да орман суреті көрсетіледі. Мұғалімнің жетекші сұрағымен оқушылар мәтін құрастырады
5.Топтық жұмыс
«Табиғат тал бесігің»
«Қызыл кітап» туралы мәлімет беремін
Қызыл кітап - Қазақстанда саны азайып бара жатқан, жоғалып кету қаупінде тұрған аңдар, құстар, өсімдіктерд жазылған кітап.
6. Сергіту сәті
Бірге қайталай отырып, теңселе қозғалыс жасайды

7. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма
Мәтінді сұрақтармен пысықтау
2-тапсырма
Семантикалық карта толтырады.Ортаға плакат тасталып, топтық жұмыс жүреді.
8.Дәптермен жұмыс
«ң» әрпін жазу техникасын түсіндіре отырып, ретімен жазу жұмысын орындаймыз
-«ң» дыбысын айтқанда кедергіге ұшырайды, яғни ол дауыссыз дыбыс.
«ң» дыбысы сөздің басында жазылмайды, яғни «ң»-нан басталатын сөз жоқ
Он-оң
Шын-шың
Тон-тоң
Жөн-жоң
Жаң-ғақ
-Суретте не көріп тұрмыз?
-Орман дегенді білеміз бе?
-Онда нелер болады?
-Оның бәрін бір сөзбен не дейміз? (табиғат)
-Табиғатқа қалай қарау керек?(ағашты сындырмау, құс ұясын бұзбау, ластамау, суды үнемдеу т.б.)
Яғни табиғатты қорғау керек?
-Егер біз табиғатты қорғамасақ қалай болар еді?
Әр топ өздерінің алдындағы құрастырма суретпен сөйлем құрайды
-Табиғат туралы мақал білетіндер бар ма?
-«Қызыл кітап» деген сөзді естіп пе едік?

Дың-дың қоңыраумын
Дың –дың қағыламын
Дың-дың соғыламын
Мектептен табыламын
Оқулықтағы сөздерді бірге оқимыз.
Мәтінді тізбектей оқимыз
«Оңаша, алаң, сыңар, саңырау,таң,
таңдану» сөздеріне түсініктеме беремін.
-Таңатар қайда келді?
-Орманда Орманда ненің үнін естіді?
-Анадайда не ағараңдады?
-Таңатар қалай қарады?
«ң» дыбысы кездеспейтін сөздерді сызады
«ң» әрпін жазу техникасын қолданамыз (өткен біліммен ұштастыру), ілмегін дұрыс жазуына назар салу Жауап берген оқушы үшін

Жауап берген оқушы үшін

Жауап берген оқушы үшін



Тамаша!
Жарайсың!
Өте жақсы!
Әр оқушының оқуы ушін

Жауап берген оқушы үшін

Әр топты бағалаймыз
Отшашу, бас бармақ, ауаға жүрек салу


Әр оқушы өз жазуын басбармақпен бағалайды.


ИТ






Соңы
5 минут
9.«Орамал тастамақ» ойыны
Әр топтан оқушылар орамалды келесі топқа тастайды. Орамал алған бала «ң» дыбысына сөз айтады Ауада жүрек сұлбасын салу арқылы бағалайды.

Қосымша мәліметтер «н» мен «ң» ды шатастырмау, дұрыс дыбыстау, жазуда сауатты жазу, оқуын жылдамдатуға назар саламын.
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Қабілетті оқушыларға дыбыстық талдау, сызба бойынша сөйлем құрастыру тапсырмалары үлестірмелі материалдар арқылы беріледі.Үлгермей отырған оқушыларға қолдау көрсетемін.
шана,жаңғақ, күн, шаңғы, он, қоңырау, шаңсорғыш, нан, тышқан.
Дүниетану, жаратылыстану,өзін-өзі тану пәндерімен байланысты, табиғатты
қорғауға тәрбиелеу
10.Рефлексия 5 минут
Оқушылар алдарындағы стикерлерін бағдаршам көздеріне жабыстырады
қызыл - түсінбеймін,
сары- әлі де сұрағым бар, жасыл - барлығы түсінікті


Приложенные файлы


Добавить комментарий