«Сауат ашу «Дыбыс пен ?ріпті о?ыту» 1 сынып»


Пән:Сауат ашу Мектебі: Наурызбай батыр Құтпанбетұлы ОМ
Күні: 02.06.2017 Мұғалім: Турумбетова С.Б
Сыныбы : 1 сынып Қатысқаны:14 Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы: Дыбыс пен әріпті оқыту.
Сабақ негізделген оқу мақсаты 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Сабақ мақсаттары:
Білу.Түсіну.Қолдану. Барлық оқушылар :Әріпті таниды, ажыратады.
Көптеген оқушылар:Сөздің буыннан түратынын түсінеді,сөздегі буын санын анықтайды.
Кейбір оқушылар:Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажыратады.
Бағалау критерийлері .Әріпті таниды,ажыратады.
.Оны дыбыспен сәйкестендіреді.
.Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Тілдік мақсаттар: Ж дыбысы мен әріпі
Жеті-семь-seven.
Құндылықтарды дамыту Балалардың бойына ұқыптылық пен сыйластық құндылықтарын дарыту
Пән аралық байланыстар Көркем өнер музыка.
АКТ қолдану дағдылары Аудио жазба, таныстырылым(интербелсенді тақта)
Бастапқы білім 2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Сабақ барысы
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басталуы
3мин
5мин
Психологиялық ахуал.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б.Бөрібаев/
-Балалар,бір –бірімізді қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
«Қайсы үйдің тұрғыны»ойыны.

А Н Л Р О Т У Ш С Д Ы М Қ Ұ Т Е К Ү И Й Г Ғ Ң Ө З Ә
Дескриптор:
.Дыбыстарды атай алады.
.Дыбыстарды дауысты және дауыссыз екенін ажырата алады.
Жұмбақ
Ішіне тамақ салынған. Жазда тұрып жоғары.
Есігі мықтап жабылған. Күзде жерге қонады.
(Жұмыртқа)(Жапырақ)
Жұмыртқа,жапырақ сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
-Бүгін біз Ж ж дыбысы және әрпімен танысамыз. Көңілді әуен
Сабақтың ортасы

15мин
5мин
5мин
2мин
5 мин


Сабақтың соңы
5мин
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажырату.
Ж әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Ж дыбысы сөз ойлау,буынға бөлу.
Ж дыбысы-ұяң дауыссыз дыбыс.
-Бір аптада неше күн?
Қане ,балалар бәріміз бірге атап шығайық.
-Кемпірқосақтың жеті түсін ата.
-7 санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз?
Жеті ата,жеті шелпек,жеті қазына,жеті түс.
-Жеті саны өмір сүретін ертегілерді есіңе түсір.(жеті лақ)
7-бұрынғы заманнан бері құпияға толы сан.Құпияны шешу үшін білім керек.Сондықтан 7-білім мен шындыққа жетелер жолдың символы.
-Енді жеті сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
ж 0 0 0
Жеті-семь-seven
1.Тапсырма.
Оқылым.
Жаға Жалау Ажар бажа масаж
Жаса Жасау Қожа қаржы Жарас
.Сұраққа жауап бер
Бейне көрініс «Ат жарысы»
Дескриптор:
.Сөздерді буындап және тұтастай оқи алады.
.Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя біледі.
.Оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді.
.Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды .
ҚБ:Жарайсың
2.Тапсаырма.
«Кім жылдам» ойыны
Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрасыруға болады?
Жа лау,жа рық,жа сыл, жол,жу а,а рық,жыл ға,жыл тыр,жал ға,жү зім.
«Ойлан тап»ойыны.Ж дыбысының орнын табу.
....Ж
...Ж...
Ж...

Мұқтаж,жасыл,ажар,жүрек,әже,жаға,ұжым,тәж,қажы,Олжас,Жадыра,жігерлі,жаңбыр,ақжарқын,жас,жейдек,қожа,ожау,жайлау.
Дескриптор:
.Сөздерді буындап және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады.
.Ж дыбысы сөздің басында,ортасында және соңында келетіні ажырата алады.
ҚБ:Тамаша
3.Тапсыма.
Саралау тапсырмасы.
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ажырат.
Тұрма жай,
Қамыр жай.
Суға жуа – жуа ,
Тазаланды жуа.
Дескриптор:
.Берілген сөздерді оқи алады.
.Сөздердің айтылуына қарай мағынасын ажырата алады.
ҚБ:Өте жақсы
Сергіту сәті.
Тіл дамыту.
Жа-жа-жа-жалау
Жу-жу-жу-жусан
Жы-жы-жы-жылан
Жә-жә-жә-жәшік
«Жоғалған әріп»ойыны
О л б а р ы С
Ы л қ Ы
А л а У
А п ы р а Қ
Ж ж әріпінің элементтерін таныстыру.
.Ауада жазу
Дәптермен жұмыс:
Дескритор:
.Жазу жолын,жол аралық кеңістікті
,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды.
.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.
ҚБ:Тамаша

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
«Жарайсың», «Өте жақсы», «Тамаша»
Оқулықпен жұмыс
Видео
Флипчарт
Интербелсенді тақта
Видео
Флипчарт
Теңіздегі кеме.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Партада дұрыс отыру
Тазалық ережелерін сақтау
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған . Оқушылардың көпшілігі ОМ қол жеткізді.
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.
Сабақ жоспарларынан ауытқулар болмады.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:Суретпен жұмыс жақсы жүргізілді.
2:АКТ-ны дұрыс қолдану.(оқушылар)
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:флипчарт сабақ
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Жетістік;Кейбір оқушылардың қосымша тапсырмаларды толық әрі сауатты орындай алатынын.
Қиындықтары;Өз ойларын толық жеткізе алмайтыны.

Приложенные файлы


Добавить комментарий