Сапалы? ж?не ?атысты? сын есімдер


Сапалық және қатыстық сын есімдерСапалық және қатыстық сын есімдер.Қазақ тілі 6 сыныпСілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесіСабақтың жабдығы Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, семантикалық карта, бағалау, стикерЖалпы мақсаттар а) білімділік: сын есімнің мағыналық түрлерінің ережесін меңгерту, мысалдармен дәлелдеп көрсету, ажырата алуға үйрету;ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту;б) тәрбиелік: оқушыларды өзара сыйластыққа, басқаның көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу;Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгертуСабақтың өтілу әдісі: сұрақ - жауап, Венн диаграммасыОқушыларға психологиялық ахуал туғызуТренинг: "Керемет"Топқа бөлуТүстер арқылы топқа бөлу (қызыл, сары, жасыл, көк)Үй тапсырмасын сұрау«Зымыран сұрақтар» әдісі1. Сын есім дегеніміз не?2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?3. Негізгі сын есім дегеніміз не?4. Туынды сын есім дегеніміз не?5. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі.6. Дара сын есім дегеніміз не?7. Күрделі сын есім дегеніміз не?8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.Қызығушылықты оятуТақтаға мына сын есімдерді жазып қою.Әдемі қыз ----------- Өнерлі жігітАласа үстел --------- Желсіз күнҚызыл көйлек ------ Өткір пышақАщы су -------------- Жазғы демалысАуыр жүк ----------- Тәртіпті оқушыОқушылардан бұл сын есімдерді не үшін былай бөліп жазғанымды сұрай отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.Мағынасына қарай сын есімдер сапалық сын есімдер және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлінеді.Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: қызыл, сары, жасыл, көк, үлкен, биік, қысқа, ұзын, тәтті, ащы, қышқыл, жалпақ, қисық, домалақ, түзу;Мағынаны тануСапалық сын есім. Заттың түр түсін, сын сапасын тікелей анықтайды.Мысалы: ақ, ақшыл, қымбат, кербез;Қатыстық сын есім. Заттың сын - сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөзтабының қатысы арқылы білдіреді.Мысалы: сымбатты, атты, мінезді, жүгіргіш, ойшыл, бойшаң;Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау1 - топ: 98 - жаттығу (Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі бағанға бөліп жаз)2 - топ: 100 - жаттығу (Мәтіндегі ой желісіне назар аударыңдар. Салтанаттың бойындағы қасиеттерді білдіретін сөздерді теріп жазыңдар. )3 - топ: Тірек сөз «Әсем үн» Жазылатын мәтінге жоспар құрып аламыз.Жоспар1. Раушан – сыйлы бала.2. Ол – белсенді оқушы.3. Таланттың жемісі.4. Сыныбымыздың мақтанышы.Әсем үнБіздің сыныпта Раушан есімді қыз оқиды. Ол өте таза, тиянақты, сабаққа ынталы оқушы. Үнемі өзін - өзі күтіп, әдемі болып жүреді. Барлық қыздар соған ұқсағысы келеді. Барлығына мейірімді, тілалғыш. Достарының алдында беделді еді.Мектепте «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Раушан сынып жетекшімізбен бірігіп, айтулы сайысқа қатысты. Керемет, жанды дауыспен ән шырқады. Әр байқау сайын адал еңбекпен, қарсыластарының алды болды.Талантты қыз сайыста жеңді. Сыныбымызды абыройлы атаққа көтерді. Әнші қыз атанды. Біз талантты, әсем үні бар, бұлбұлдай сайраған Раушан есімді қызбен мақтанамыз.4 - топ: 101 - жаттығуҮлгі:Сапалық сын есімЕскі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш.Қатыстық сын есімСабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал.Сергіту сәті Бір сөзбен айтқанда.1. 1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен)2. 2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау)3. 3. Тез ашуланатын адам (ашушаң)4. 4. Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ)5. 5. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)6. 6. Бойы ұзын адам (бойшаң)7. 7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)8. 8. Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда (сыныптас)Ой толғаныс (шығармашылық жұмыс)1 – топ: Венн диаграммасы арқылы сапалық сын есім мен қатыстық сын есімді салыстырады.2 - топ: семантикалық карта3 – топ: Сапалық сын есімдердің ерекшеліктерін топтастыру арқылы көрсетеді.4 - топ: «Менің сыныбым» тақырыбында сын есім сөздерді қатыстырып мәтін құрау;Сабақты бекіту:«Өзімді - өзім сынаймын»(Тест)1. 1. Сын есіма) заттың сынын білдіреді.ә) заттың атын білдіреді.б) заттың қимылын білдіреді.2. Сапалық сын есімді тапа) қорқақә) білгішб) ашушаң3. Сын есімнің сұрақтары.а) не істеді?,ә) қандай? қай?б) қанша?, неше?4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.Белі бүкір, алысқа түкір5. 5. Туынды сын есімді тапа) жалтырә) тәртіптіб) биік6. Сын есімді тап.а) кешеә) әлсізб) жүгірді7. Негізгі сын есімді тапа) тазаә) әлсізб) кешкі8. Қатыстық сын есімді тап.а) заңгерә) ымыртб) өнегелі1. Сын есімнің мағыналық түрі қанша?а) екеуә) алтауб) бесеу10. Дара сын есімді тап.а) тап - тазаә) ақб) өте жақсыҮй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау 99 - жаттығуӨз сыныптасыңды бейнелеп мінездеме жазуБағалауБағалау парақшаларын үлестіру.

Приложенные файлы


Добавить комментарий