«Санны? б?лігін жіне б?лігі бойынша санды табу» 5 сынып»


Тексерілді:

Математика Күні: 09.02.2017 Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін жіне бөлігі бойынша санды табу
Мақсаты Білімділік: Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды таба білуге үйрету , ережені айта білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп,белсенді жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың типі: аралас сабақ Көрнекілігі: үлестірмелер Әдіс-тәсілі:түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап
Сәлемдесу рәсімі, оқушыларды түгендеу, сынып оқушылардың назарын сабаққа аударту. Сыныпта псиологиялық ахуал орнату.
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Білу Өткен тақырыпты еске түсіреміз. 1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай  қосылады? Мысал келтіріңдер.
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.
3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
4. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
5. Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады? Мысал келтіріңдер. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.
Түсіну Жаңа сабақты бастамас бізге бұрыннан белгілі білімдерімізді еске түсіруден бастасақ.
Есеп шығару.
Сары жұмыртқа  барлық  жұмыртқаның  қандай  бөлігін құрайды?     Үштен бірb. Тортты  тең  8 бөлікке  бөлдік. Түскі аста 3 бөлігін жедік. Торттың  қандай бөлігі желінді? Қайсысы  үлкен?  Бүтін торт па  әлде  торттың бөлігі ме?
1. Санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейту керек.
2. Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
3-мысал: Оқушының кітапханасында 70 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптардың2/5 - сіндей. Оқушының кітапханасында неше кітап бар?Шешуі: Есептің берілуі бойынша 70 оқулық оқушының кітапханасындағы кітаптардың 2/5 - сіне тең.2/5 - сі – 70 (кітап) болса,1=5/5 -? (кітап).Егер кітапханадағы барлық кітаптардың 2/5 - сі 70 кітапқа тең болса, онда 1/5 – і: 70: 2=35 (кітап).Кітапханадағы барлық кітаптар 5/5 немесе 1/5∙5. Демек, кітапханадағы барлық кітап: 35∙5=175 (кітап)Сонда 2/5 бөлікке сәйкес 70 санын 2 - ге бөліп, 5 - ке көбейттік, яғни 70 - ті 2/5 - ге бөлуді орындадық.70: 2/5 =( ∙5)/2_1 =175. Жауабы: 175 кітап.175 санын оның бөлігі бойынша таптық. Оқушылар жай бөлшектерді, аралас сандарды қосуды, азайтуды, санның бөлігін табуды және бөлігі бойынша санды таба білуді , ережелерді түсінгендігін білдірді.
Қолдану
Бүгінгі сабақта мына есептерді орындаймыз, №1144(тақ), №1145(жұп), №1148, №1150, №1152
№1148
Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 3/5 - іне тең. Қоян неше жыл жасайды?Қоян -?Тиін - 6 жыл. 3/5 б.Шешуі: 6: 3/5=6 ∙ 5/3=10 (жыл)Жауабы: Қоян 10 жыл жасайды.
№1150
 Тік төртбұрыштың ені 4 1/5 см, бұл оның ұзындығының 1/2 – індей. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.а -?в - 4 1/5 см 1/2 б.Шешуі: 4 1/5 ∶ 1/2=(21∙2)/5=42/5=82/5 (см ұзындығы)P=2(a+в), Р=2(8 2/5+4 1/5 ), P=2∙123/5, Р=2∙63/5, Р=(2∙63)/5, Р=126/5, Р=251/5 (см)Жауабы: Тік төртбұрыштың периметрі 251/5 сантиметрге тең.
№1152
 Марат барлық ақшасының 5/7 - іне кітап сатып алғанда, оның 50 тг ақшасы қалды. Алғашқыда Маратта қанша ақша болды?Алғашқыда -? тгҚалғаны – 50 тг.Шешуі: 50 теңге Мараттың ақшасының қандай бөлігі?5/7=2/7.50: 2/7 =50∙7/2 =25∙7=175.Жауабы: Алғашқыда Маратта 175 теңге ақша болды. (В) Оқушылар тақтада және орындарында есептер шығарып көрсетді.
Талдау
(анализ)
Тапсырмасы беріледі. Осы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін талдап дұрыстығын тексереміз. Тапсырмалардың жауаптарын тексеріп, қате кеткен жерлерін түзетеді.
Синтез Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар беріледі.
Санның бөлігін қалай табамыз?
Бөлігі бойынша санды қалай табамыз? Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма №1144(жұп), №1145(тақ) Оқушылар күнделіктеріне белгілеп алады.

Приложенные файлы


Добавить комментарий