«Сандар сыры» математика саба?ына презентация»


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға 3, 7, 9 сандарының ерекшеліктерін ұғындырып, білімдерін жетілдіру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жан-жақты жетілдіріп дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың топпен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырып, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Сандар туралы жұмбақтарБүкірлеумін, имекпін,Мойынындай үйректің.Сабағыңды білмесең,Мені аласын күнде сен. Сандар туралы жұмбақтарБір шеңберді бір шеңбер,Көтеріп тұр білсеңдер. Сандар туралы жұмбақтарБас көлемім орасан,Көтере алмай бел идім.Басым төмен караса,Дәл үш жасқа кемимін. Сандар туралы жұмбақтарБалғасы жоқ орақпын, Бедел-бағым зор-ақ тым. Сандары бар сөздерден құралған санамақтарТү +1 = К + 3 + ік = Сандары бар сөздерден құралған санамақтарДер + 5 =7 + к = Сандары бар сөздерден құралған санамақтарБ + 6 +р =4 + бақ = Киелі сандар 3 саны Үш қуат: 1.Ақыл 2.Жүрек 3.Тiл.  Үш жүз:  1.Ұлы жүз 2.Орта жүз 3.Кіші жүз. Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға 2.Қарлығаш 3. Байғыз.  Киелі сандар 3 саныҮш би:Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биҮш мұрат:1.Жол мұраты –жету. 2.Дау мұраты - біту. 3. Қыз мұраты – кету.Үш ғайып:1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3.Несібе ғайып. Жаңылмай, санайық! Ешнәрсенің көмегінсіз тек көру арқылы торкөздегі сызықтарды санап шық. Суреттер мен сандарға қарап ал, сосын қағазбен жауып тұрып, ретін сақтайтындай етіп салып (жазып) шық1 6 5 4 2 0 “Есте сақтайық” «Есептей білейік!»7+3- 2- 2 “Сергіту” сәтіОң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ, Беске бесті қосайық,Болып шықты он саусақ.  7 саны "Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты. 7 саны 7 қазына (жүйрік ат, алғыр тазы, берен мылтық, ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім) 7 күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) 7 ата (немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат, жұрағат) 7 жоқ Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Құста сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ. Тілде сүйек жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Таста тамыр жоқ. 7 саныЖеті басты жалмауызЖеті ғаламЖеті қабат жер астындаЖеті түндеЖеті қырдың астындаЖеті кереметЖеті шелпекЖеті жұтӘз Тәукенің Жеті Жарғысы Қызықты есептер Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Ал бір аяғымен тұрған салмағы қандай болады? Қызықты есептерАғаш басында 2 балық отыр еді. Оларға 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? Тоғыз саны Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек. Бос торкөздің орнына қажетті санды қой 9 - =4 10 - = 7 8 - = 3 + 4 = 8 Логикалық есептерҮш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? 5 пен 2 санының қосындысын жаз10 мен 8 сандарының айырмасын жаз3-ті 7 –ге арттырБірінші қосылғыш – 4, екінші қосылғыш -2, қосындының мәнін тап. Назарларыңызға рахмет! Саны бар сөздерден құралған санамақтарды шешу барысы.

Приложенные файлы


Добавить комментарий