МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ?ЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ Т?РБИЕ МЕН О?ЫТУДЫ? МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫ?А МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ ТАЛАПТАРЫН СА?ТАУ БОЙЫНША БАЛАБА?ША ІШІЛІК БА?ЫЛАУ ?ЙЫМДАСТЫРУ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША БАЛАБАҚША ІШІЛІК БАҚЫЛАУ ҰЙЫМДАСТЫРУ
(жоспардан тыс)
№ БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ МАҚСАТЫ УАҚЫТЫ ЖАУАПТЫЛАР
1 «Денсаулық» білім беру саласы
Өз денсаулығына саналы қарауды дамыту, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін дамыту және дене бітімі қасиеттерін қалыптастыру. «Денсаулық» білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған. 22.05-24.05.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Медбике
А.К Жолдубаева
Топ тәрбиешілері
2 «Коммуникация» білім беру саласыАйналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту. «Коммуникация» білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
25.05-29.05.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Медбике
А.К Жолдубаева
Топ тәрбиешілері
3 «Таным» білім беру саласы
Қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру. «Таным» білім беру саласы мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
30.05-02.06.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Медбике
А.К Жолдубаева
Топ тәрбиешілері
4 «Шығармашылық» білім беру саласыБаланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоционалдық саласы мен қиялын дамыту. «Шығармашылық» білім беру саласы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдауды мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
5.06-07.06.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Медбике
А.К Жолдубаева
Топ тәрбиешілері
5 «Әлеумет» білім беру саласы Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге, айналасындағыларға жағымды мінез-құлықты және қайырымды қатынасты тәрбиелеу. Білім беру саласы қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай- ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына 6 жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді; Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуді; еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуді қамтиды.
8.06.-12.06.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Медбике
А.К Жолдубаева
Топ тәрбиешілері
6 Қорытынды жүргізу Білім беру салалары бойынша қорытынды шығару 13.06.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Медбике
А.К Жолдубаева
Топ тәрбиешілері
7 Шығармашылық есеп Оқу жылы көлемінде атқарылған педагогикалық үрдіске талдау жасау 16.06.2017 Меңгеруші
Ж.М Нургазина
Топ тәрбиешілері


Приложенные файлы


Добавить комментарий