«Казахский язык в дошкольных организациях»


«Әйгерім-1» балабақшасының «Байтерек» орта тобының қазақ тілі пәні бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің жылдық тақырыптық жоспары
№ Тақырыбы Оқу қызметінің мазмұны сағ. саны Күні
1 Сәлем!
Сәлеметсіз бе! Амандасу үлгілерін үйрету. Оларды күнделікті өмірде орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. 1 2 Сау бол!
Сау болыңыз! Қоштасу үлгілерімен таныстыру. Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. 1 3 Сенің атың кім? Танысу үлгісін үйрету. Балаларды өзара достық қарым-қатынасқа, сыпайылыққа тәрбиелеу. 1 4 Үй. Балабақша. Балаларды үй, балабақша сөздерімен таныстыру. «Мынау» сөзімен байланыстыра қолдануға үйрету. Өз үйлеріне, балабақшаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1 5 Мынау не? Ойыншық атауларын үйрету. Байланыстыра сөйлеу дағдылаларын қалыптастыру. Ойыншықтарды таза, ұқыпты ұстауға баулу. 1 6 Доп берші Ойыншық атауларын қайталау. Оларды берші сөзімен байланыстыра қолдануға, ойнағысы келген ойыншықты сұрап алуға үйрету. 1 7 Ақ. Қара. Балаларға түс атауларын (ақ, қара) үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 8 Қандай? Балаларға түс атауларын (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) үйрету. Оларды басқа сөздермен байланыстыра қолдану дағдыларын қалыптастыру. Балаларға эстетикалық тәрбие беру. 1 9 Бір. Екі. Үш. Үшке дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру. 1 10 Төрт. Бес. Беске дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру. 1 11 Алты. Жеті. Беске дейін санауды үйрету. Отыр, тұр, секір, жүгір сөздерімен таныстыру. Оларды іс-қимыл арқылы есте сақтауға дағдыландыру. 1 12 Сегіз. Тоғыз. Он. Онға дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру. 1 13 Тоқта! Бағдаршамның түстері арқылы қызыл, сары, жасыл түстерді қайталау. Тоқта, дайындал, жүр етістіктерін үйрету. Ұжымда бірлесіп әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру. 1 14 Қандай? Неше? Түстерді және онға дейінгі сандарды қайталау. Ұжымда бірлесіп әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру. 1 15 Мынау кім? «Кім?» сұрау есімдігін қолдана алуға үйрету. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға, сыйлауға тәрбиелеу. 1 16 Менің отбасым Отбасы мүшелері атауларын үйрету. Өз отабасы мүшелерін атай алуға жаттықтыру. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1 17 Менің қарындасым Отбасы мүшелері атауларын үйрету. Сөздік қорларын аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас сөздерімен толықтыру. Қарындас, сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсіндіру. 1 18 Мынау не? Аң атауларын үйрету. Аңдар туралы түсінік беру. Аңдарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу. 1 19 Неше піл? Аң атауларын қайталау. Сандарды еске түсіру. Аңдарға деген қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. 1 20 Мынау не? Үй жануарлар атауларын үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу. 1 21 Үлкен. Кішкентай. «Үлкен, кішкентай» сөздерімен таныстыру. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру. Үй жануарлары мен аңдарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. 1 22 Мынау - алма Бақшадағы жеміс-жидектер түрімен таныстыру. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 1 23 Мен алма жеймін Жеміс-жидектердің атауларын қайталау, оның түсін ажырату. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. 1 24 Мынау – сәбіз Балаларды көкөніс атауларымен таныстыру. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 1 25 Қоян сәбіз жейді Аңдардың, жемістер мен көкөністердің атауларын қайталау. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортаға табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1 26 Мынау – сүт Азық-түлік, тағам, сусын атауларымен таныстыру. Оларды жеймін, ішемін сөздерімен байланыстыра қолдануға үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 27 Балмұздақ Балаларға балмұздақ сөзін, оның тәтті, суық болатынын үйрету. «Балмұздақ тәтті. Мен балмұздақ жеймін» деген сөйлем үлгілерін үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 28 Бас. Қол. Аяқ Балаларды бас, қол, аяқ деген сөздермен таныстыру. Оларды басқа сөздермен байланыстыра қолдану дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 29 Он саусақ Балаларды саусақ деген сөзбен таныстыру. Онға дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра аййта алу дағдыларын қалыптастыру. 1 30 Киімдер Балаларды киім атауларымен таныстыру. Оларды түсімен атауға үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 31 Ақ көйлек.
Көк көйлек. Көйлек туралы тақпақты үйрету. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 32 Астана. Алматы «Мынау – Астана қаласы», «Мынау – Алматы қаласы» деген сөйлемдерді үйрету. Тақпақты жаттату. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу. 1 33 Қазақстан «Мен Қазақстанда тұрамын, Қазақстан – үлкен, әдемі» деген сөйлемдерді айта алуға үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу. 1 34 Қыс. Жаз Қыс және жаз мезгілімен таныстыру. «Қазір қай жыл мезгілі?» деген сұраққа қысқа жауап бере алуға үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Балалардыңы танымдық білімдерін кеңейту. 1 35 Көктем. Күз Көктем және күз мезгілімен таныстыру. Жыл мезгілдерін атай алуға үйрету. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту. 1 36 Табиғат. Табиғат туралы түсінік беру. Сөздік қорларын арттыру. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлыққа тәрбиелеу. 1 Барлығы: 36 сағат

Приложенные файлы


Добавить комментарий