«Ою хан мен Жою хан»


МКҚК № 7 «Қуаныш» бөбекжайы
Оразгалиева М.М.
Сабақтың тақырыбы: «Әдемі кілемшелер». Сабақтың мақсаты: ою - өрнек туралы түсінік беру. Білімділік: қазақ халқының ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру. Дамытушылық: ою - өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: ою - өрнек арқылы оқушылардың ой - өрісін, білімін жан - жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: «Ою хан мен Жою хан »аңызы, «Ою - өрнектер» суреттері, «Сергіту сәті» Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Балалармен амандасу, үш топқа бөлу. Жаңа сабақ. Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Қошқардың мүйізінен үйрендім. (Ә. Қастеев).  Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім - кешек, құрал - саймандарын, қару - жарақтарын ою - өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт - дәстүрді, ою - өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты. Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп - біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады. - Кімде - кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармай. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі - дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан: - Жойылсын, Жою хан! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң - құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды. - Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр. Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады. - Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма? - О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел - жұрты қайта хан көтереді. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған. 











Сергіту сәті: Ою-өрнек қиямыз,
Қошқар мүйіз,
Түйе табан,
Құс тұмсық,тарақ,гүл.
Ойын : «Әдемі кілемшелер» (үш топқа бөлініп, оюлардан әдемі кілемше жинап шығу керек) Симметрия дегеніміз - ою өрнектің екі жағының тең болуы.


Графический диктант: «Ою –Тарақ» (Бұл жерде симметрияны сақтау керек, Симметрия дегеніміз - ою өрнектің екі жағының тең болуы.)
Қортындылау: «Ою хан мен Жою хан» туралы аңыз нені түсінгендерін сұрау,қай кейіпкер ұнады, бұл жерде не туралы айтылған ,қандай тәрбиеге үйретеді.
Оюлардың түрлерін атау керек.


Приложенные файлы


Добавить комментарий