Кел – Жа?а жыл-жа?а-жыл! (балаба?ша)



Кел – Жаңа жыл-жаңа-жыл!
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін анықтауға, көргенін дұрыс баяндауға, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Мерекеге сай көңіл-күйді сезіне білуге үйрету. Бір-біріне деген мейірімділікке тәрбиелеу. Жаңа-жылдық мерекені сезіне білуге үйрету. Мерекелік залда эстетикалық талғам қалыптастыру. Бір-біріне мерекелік көңіл-күй сыйлай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал. Мерекелік шырша, мерекелік әсем ән ырғағымен толықтыру.
Жүргізуші: Саламатсыздар құрметті ата-аналар, құрметті ұжым мүшелері, және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз.
Сіздерді келе жатқан Жаңа -жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай, әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын балалар,
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Жаңа-жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа-жыл!
Бізге құтты жыл болсын!.
Бүгінгі 2017жыл тауық жылы тағы да құтты болсын дей- отыра балабақшамыздың басшысы - Мөлдір Балғабайқызына сөз береміз.
Хор: «Шырша жыры»
Тақпақтар:
Сәлем бізден баршағаАзамат
Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Жаңа жылда көңілдіНұрхан
Шырқалады әніміз.
Ата – аналар сіздерді, Құттықтаймыз бәріміз!
Бүгін біз көңілдіміз,Мирас
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді,
Құттықтаймыз ән салып.
Жаңа жыл, Жаңа жыл,Рауан
Төгілсін жаңа нұр.
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл!.
Ән саламыз, би билеп,Мейіржан
Жырдан шашу төгілді.
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді.
Қыс келгенде далама,Ұлан
Қызығып тек тұрамын,
Ат жегіп ап шанама,
Аппақ қармен зырлаймын.
Музыка әуені: Осы кезде ортаға екі қоян жүгіріп келеді.
Жүргізуші: Қояндар сендерге не болды?
Қояндар: Бізді қасқыр қуып келе жатыр біз аяз-атаны қарсы алуға келе жатыр едік, жолда түлкі мен қасқыр бізді қуып содан қаша жөнелдік. Олар соңымыздан қалар емес.
Музыка әуенімен осы кезде қасқыр кіріп келеді. Ол шыршаны бір айналып шығып, қояндарға бас салады.
Жүргізуші: Қасқыр сен қайдан келдің, бұл не істегенің, бізде Жаңа жыл мерекесі болып жатыр мына қояндар саған не істеді, неге оларды қуып жүрсің?
Қасқыр: Түлкі ғой оларды қу деген-содан соң оларды қуып келемін.
Жүргізуші: Неге, өзі қайда?
Қасқыр: Өзі Аяз-атаны жолдан адастыруға кетті ал мен қояндардың ізіне түсіп, жеткен жерім осы болды.
Жүргізуші: О, қу түлкі, жүрген жері шу түлкі. Ол бір келеңсіздік тудырмаса жүре алмайды-ау өзі. ал қасқыр, сен қазір бізге қонақ болып қаласың бізде Жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Балалар қасқырдың еш кінәсі жоқ, ол түлкіге алданып қалған ғой. Қәне, одан да қасқыр мен , қояндармен ойын ойнайық.
«Қар жинау» ойыны.
Жалмауыз кемпір: Әй, мұнда не боп жатыр , маған айтпай не істеп жатырсындар. Ешқандай той, жаңа-жыл болмайды.
Мен рұхсат етпеймін.
Жүргізуші: Мыстан кемпір мұның не біз жаңа –жылды тойлағалы жатырмыз, ашуыңды басып сен де бізбен бірге жаңа –жылды тойлап қызықта, жарайма.
Мыстан : Жарайды, олай болса мен сендерге ақшақар боламын, қараңдаршы мен қандай әдемімін, шашым, көйлегім қандай әдемі, өзім қандай керемет сұлумын.
Жүргізуші: - Балалар бізге ақшақар болсын ба.
Балалар:- жоқ, ол ақшақар емес.
Жүргізуші: Дұрыс балалар, біздің ақшақарымыз әдемі, мейірімді.
Мыстан кемпір: Мен боламын сендерге ақшақар, болмаса шыршаларыңды құлатып тастаймын, жаңа-жылды тойлатпаймын, айттым бітті.
Жүргізуші: Бұл қалай болғаны, а а мен таптым жалмауыз кемпір сен әуелі біздің балаларымыздың өнерін көріп тамашалашы сонда сенің ашуың басылады, жарайма.
Би: «Аққалалар биі»
Жалмауыз кемпір: -ә бәлем, менен оңай құтылам дедіңдер ме, жо - жоқ мен жеңілмеймін. Аяз-аталарың мен ақшақарларың сыйлықтар іздеп жүр ал мен ол сыйлықтарды тығып қойдым ха-аха-ха . (шығып кетеді)
Жүргізуші: Ал балалар енді не істейміз, аяз-ата мен ақшақар сыйлықтар іздеп шаршамасын. Біз оларды дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақша қар, Аяз ата, Ақша қар.!
Музыка әуенімен Аяз ата,Ақша қар кіреді. Шыршаны бір айналады.
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым!
Ақша қар: Амансыңдар ма қыздарым!
Балалар: Сәлеметсізбе Аяз ата, Ақша қар.
Аяз ата: Былтыр сіздерге келіп едік
Өнерлеріңізді көріп едік
Өсіп қапты бойларың
Тамаша ғой ойларың,
Құтты болсын балалар,
Жаңа жылдық тойларың!
Жүргізуші: Аяз ата,Ақша қар бізде әсем әнде бар биде бар
Тыңдап әсем ән мен биді
Сәл тынығып деміңді ал.
Жеке ән: «Шырша жыры» Өмірбек Шұғыла
Тақпақтар:
Жасампаз заман бұл заманҰлжан
Бүгіннен ертең ғаламат!
Алдыңғы сапта боларсың
Келер жыл саған аманат.
Кел, балалар, тақпақты, Назым
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық
Аяз ата жол салып,Інжу
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан.
Аппақ тонға оранып, Жасмин
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып.
Бірі көктем, бірі қыс,Шұғыла
Екеу жаңа жылымыз.
Жақсылыққа жоримыз, көпсінбейміз мұны біз!
Жүргізуші: Балалар біздің шыршамызға не жетіспей тұр?
Балалар: Шырша шамдары!
Аяз ата: Қуант бізде таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Балалар: Қуанып шапалақ соғады.
Ақша қар: Балалар біз сендерге арнап мерекеге жұмбақтар дайындап келіп едік.
Қәне, кім тапқыр екенін көрейік.
Жұмбақтар: Суда батпайды,
Отта жанбайды. (Мұз)
Үстінде жасыл тоңы бар,
Шамдары бар жайнаған
Балалар жүр қарап оны
Әнге салып айнала (Шырша)
Сақалы желбіреп,
Жүрегі елжіреп
Жылына бір келеді
Көп сыйлықтар береді. (Аяз ата)
Би: «Ақшақарлар биі»
Жүргізуші: Ал енді кезекті тағы да біздің балаларымызға берейік, олар өздерінің жаңа-жылдық тақпақтарын айтсын.
Тақпақтар:
Көрікті шыршамыз,Бекзат
Шамдары самғаған,
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.
Жаңа жылға арналады жаңа жырДамир
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл.
Бар баланың қонағыДінмұхаммед
Төрлет ата жоғары
Жұрттың бәрі атадай
Қашан мырза болады.
Тілеймін мен бар әлемге Жұбаныш
Дос көп болсын жанашыр
Ата –әже, аке – ана
Құтты болсын Жаңа жыл.
Бізбен бірге ойнайды, Арсен
Жаңа жылды тойлайды,
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
Жүзімізге күлкі ойнап Әділет
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Жоламасын елге мұң,Нұрзат
Жаңғырып кел Жаңа жыл!
Әкелердің еңбегін,
Жандырып кел Жаңа -жыл!
Аяз-ата: Жарайсыңдар балалар, балабақшаларыңда өнерлі балалар көп екен.
Былтыр сендерге келіп едік,
Өнерлеріңді көріп едік.
Өсіп қалыпты бойларың,
Тамаша ғой ойларың.
Құтты болсын балалар,
Жаңа-жылдық тойларың!
Ал, балаларым маған тағы да би билеп беріңдерші, бір қуанып қалайын.
Би: «Гномдар биі»
Жүргізуші: Балалар аяз-ата мен ақшақарға арнаған тақпақтарымызды айтып тағы да көп сыйлықтар алайық.
Тақпақтар:
Жаңадан тақпақ, Жанел
Айтамыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Әдемілеп біз ілген,Жұлдыз
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Жаңа жыл, Жаңа жыл,Сезім
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Тамаша, тамаша,Венера
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Сақалы аппақ күмістей,Балхадиша
Тістері аппақ күріштей,
Нұр жайнаған ажары,
Сағындым аяз атаны.
Мол силықпен келер ол, Жаннұр
Шырқатып ән салар ем,
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге сыйлық берсе екен
Осы кезде күлкі қысып қуланып түлкі келеді.
Аяз-ата: -А аа қу түлкі ұсталдың ба бәлем, біздің сыйлығымызды қайда тығып қойдың, қане айт жаныңның барында.
Аяз ата, Ақша қар түлкінің сыйлықтарды тығып қойғанын бірден біліп түлкіні қуа жөнеледі, сол кезде түлкі қумаңдаршы мені қазір тауып беремін, тек маған бір өнер көрсетсеңдер екен.
Би: «Балапандар биі»
Аяз ата, Ақша қар:- балалар, мына қу түлкі тағы да сендердің сыйлықтарыңды тығып тастамай тұрып сендерге сыйлықтарыңды таратып алайын.
Сыйлықтар таратылады.
Аяз ата,Ақшақар қоштасып қайтады.
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай, әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Құрметті қонақтар, балалар, Жаңа-жыл құтты болсын!
Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы КММ
Ертеңгілік
Кел- Жаңа-жыл, Жаңа-жыл!
Тобы: «Балдырған» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Жакеева Р
Ән-әуез жетекшісі: Серікбай Бақытжан
Хариография жетекшісі: Дауылбаева Ғ.

Приложенные файлы


Добавить комментарий