«Итке арнал?ан торсы?» ашы? о?у ?ызметі»


Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Итке арналған тостақ (итаяқ)
Мақсаты: балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету; балалардың шығармашылық, танымдық ой- қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; балаларды жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: тостақтың көрсетілген сурет, ермексаз,үлестірмелі материалдар, ойыншық-ит.
Оқу қызметі кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балаларға ойыншық итті көрсетеді.
-Бұл-Жолдыаяқ, ол қонаққа келді.
-Аф-аф-аф Балалар ойыншыққа қарайды, тәрбиешіні тыңдайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
Ит неге үреді?
Мүмкін оның тамақ жегісі келетін шығар?
Қанекей,Жолдыаяқты тамақтандырайық.Итті біз тостақпен тамақтандырамыз.
Сөздік жұмыс: тостақ,итаяқ
Билингвалды компонент: ит-собака.
-Бізге тезірек итаяқ жасау керек.
Тәрбиеші үлестірмелі материалдарға назар аударады, мүсіндеудің жолдарын көрсетеді:
-Ең алдымен біз дөңгелек жасап аламыз, ал содан кейін саусақтарымызбен шұңқыр жасаймыз, саусақтарымызбен жиегін көмкереміз.
Сергіту сәті.
Күнге қолды созамыз,
Күндей жарық боламыз.
Айға ұшып барамыз,
Айдан сәлем жолдаймыз!
Тәрбиеші жұмыс қиындау тиген балаларға шұңқырды айналдрып жасауға көмектеседі.
Жеке жұмыс жүргізеді. Балалар тәрбиешіні тыңдайды.
Ит бөгде адамға үреді.
Ия ит тамақ жегісі келді.
Итті тамақтандырайық.
Тостақпен тамақтандырамыз.
«Тостақ ,итаяқ» сөздерін қайталайды
Балалар тәрбиешінің айтқанына қарайды, мұқият тыңдайды.
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.
Балалар жұмыс жасайды.
Орындалған тапсырманы балалар үлестірмелі материалда бейнеленген иттің қасына орналастырады.
Рефлексия-лық- түзетуші-лік -Жарайсыңдар, балалар, итіміз өздеріңе үлкен рахметін айтты. Оған итаяқ қатты ұнапты.
Тәрбиеші балалардың жұмысын ата-аналар үшін ұйымдастырылған көрмеге қояды. Балалар жасаған жұмыстарына қарап қуанышты.
Күтілетін нәтиже:
-ермексаздан мүсін сомдау тәсілі мен дағдыларын қолдануды, бас бармақпен басып шымшу әдісімен итаяқтың жиегін икемдеп келістіруді жасайды;
-жеті қазынаның бірі, үй жануары –ит туралы, итті тамақтандыру туралы түсінеді;
- ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қолданады

Приложенные файлы


Добавить комментарий