«Ма?ала «Мектепке дейінгі мекемелерде ЛЕГО технологиясын ?олдану м?селесі»


«МДМ тәрбиеленушілеріне білім беруде қолданылатын
ЛЕГО технологиясы»
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде тәлім-тәрбие алатын бүлдіршіндерді жан-жақты дамыту мақсатында жаңашыл технологиялардың көп түрлері пайдалануда. Жұмысында жаңашылдықты пайдаланбаған педагог балаларға тиісті деңгейде қазіргі заман талабына сай білім бере алмайды. Тәрбиелеп оқыту үрдісіне кез келген технологияны еңгізе берген де дұрыс емес. Ең алдымен, ұсынылған жаңашылдықты педагогтар әдістеме отырысында талқылайды. Артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап барып шешім қабылдайды. Жоба жұмысы әр мекеменің жұмыс жоспарына сай өзгертілуі де мүмкін.
Төменде ұсынылып отырған жаңа технология балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған. Жобаға негіз болған тұжырым: балалардың құрастыру белсенділігін қалыптастыру үшін:
Педагогпен балалардың бірлесе ойнауы барысында бала өзін еркін сезінуге жағдай жасау керек;
ПДО баланың жас ерекшелігімен тұлғалық қасиеттеріне сай таңдалыну керек;
Балалардың эмоционалды ортасын дамыту;
Құрастыру кезінде баланың ізденімпаздығын дамыту үшін жағдай жасау;
Педагогикалық интеграция әдістемесін қолдану керек;
Бір күні менің тобымның баласы балабақшаға ЛЕГО құрастырмасын (конструктор) әкелген еді. Балалар құрастырманың катологындағы түрлі суреттерге қызыға қарады. Осыған қарап, біз барлық әс-ірекеттерде осы ЛЕГО конструкторларын қолдансақ не болар деп ойладық. ЛЕГО құрастырмасымен ойнағанды барлық балалар жақсы көреді. ЛЕГО балалардың ойын, зейінін дамытады. Сонымен қатар бұл құрастырмамен кез келген сюжет желісіне сай ойын ойнауға болады. Мәселен, қыз балалар қуыршақтарына ас пісірсе, ер балалар сол үйді құрастыра алады. Сондай - ақ, ҚМТҚ оқу іс-әрекетінде балалар әртүрлі биіктікті мұнаралар құрастырады, салыстырады, санайды.
LEGO құрастырмаларын Данияда орналасқан Lego Group (гроуп) компаиясы шығарады. LEGO (дат сөзі «лег» и «годт» — «қызықты ойын». Кейін анықталғаны латын тілінде "мен үйренемін ", "мен құстырамын " дегенді білдіреді
Оқыту үрдісінде ЛЕГО технологиясын қолдану міндеттері:
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Кеңістікте бағдарлау;
Логикалық ойлау;
Қиялын дамыту;
Ұсақ моторикасын дамыту:
Ұжымда ойнауға машықтандыру;
Тілдерін дамыту;
Сонымен қатар ЛЕГО технологиясы білім берудің барлық салаларын қамтиды:
Таным
( Тапсырманы неғұрлым дұрыс орындау үшін балалардың ҚМТҚ болуы керек. Балалар құрастыру барысында қажетті бөлшекті таңдайды, оларды санайды, салыстырады, түстерін анықтайды.заттарды кеңістікте бағдарлауға да болады.)
Коммуникация
( Кез келген іс-әрекетте балалардың тілдерін дамытусыз болмайды. ЛЕГО құрастыру кезінде балалар сөйлеседі, обьектілерді сипаттайды, әңгімелеседі. Балалар ойын барысында қойылған сұрақтарға жауап береді, бірге ойнап отырған достарына сұрақ қояды. Бұл әрекет арқылы балалар әлеуметтік машықтарға үйренеді.).
Әлеуметтану
Еңбек
Қауіпсіздік
( Балалар ойын ойнауда қауіпсіздік сақтауды да ұмытпайды. Ойын орындарында тазалық сақтауға тырысады. Соларқылы балалар тиянақтылыққа, тазалыққа үйренеді. Өз ойыншықтарын күтіп ұстауға үйренеді. Бұл машықтар «Әлеумет», «Еңбек», «Қауіпсіздік» түсініктерін қалыптастырады).
Денсаулық
( Модельдерді құрастыруда балалар әрдайым қимыл-қозғалыста болады. Көлік жүргізеді, көліктерді жарыстырады. Сол себепті легоқұрастыру денсаулыққа да оң әсерін тигізеді).
Шығармашылық
( Балалар Лего құрастырмаларынан түрлі обьектілерді құрастыра отырып, түсті қағаздар, қарындаштар мен қосымша жыбдықтарды пайдаланып өз ойынша сюжет құрастырып ойнайды).
ЛЕГО құрастырмаларын сөйлеуінде ауытқулары бар топ балаларын оқытуда кеңінен пайдаланылады. Құрастыру кезінде ұсақ моторика дами отырып, баланың ойлау қабілетін дамытады.
Лего технологиясының артықшылықтары:
Лего ойыншықтарын бала ұстап көре алады. Құрастырмалар бала өміріне қауіпсіз. Қолын кесіп алу, жұтып қою, улану жағдайлары анықталмаған; Баланың қолдары таза қалпында қалады. Ойнап болғаннан соң құрастырмаларды тез жинай алады;
Лего құрастырмаларын қолданып бала ойындағысын құрап қуанышқа бөленеді;
Лего арқылыоқыту ойын түріндежүзеге асады;
Құрастырмалар жеңіл болғандықтан оларды кез келген кеңістікте пайдалануға болады. Мәселен, үстелүстінде, кілемшенің үстінде т.б. Бала өзін еркін сезініп қозғалады;
Лего құрастырмаларын бала өзі жалғыз да топпен де, жұппен де ойнай алады;

ЛЕГО құрастырмаларын пайдалануда қолданылатын жұмыс түрлері:
Ізденіс-зеттеу жұмысы;
Жобалау іс-әрекеті;
Тәжірибе жұмысы;
Отбасылық ойын (ата-анасымен);

Приложенные файлы


Добавить комментарий