«11 кл»Программалы? ?амтамасыз ету т?рлері (лицензиялан?ан, шартты тегін, ) ж?не оларды ?олдану ережелері.»


Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін, ) және оларды қолдану ережелері.
Сабақтың мақсаты:
Программалық жабдықтамалардың түрлерімен таныстыру және оларды қолдану ержелері туралы толық мағлұмат беру.
Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жан- жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй жұмысы
Мәліметтер мен программаларды заңсыз таратуға қандай шаралар кедергі келтіре алады?
Ақпаратты құқықты қорғауды қандай заңдар қамтамасыз етеді?
Авторлық құқықтың нысандары қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
Программалық жабдықтама (ПЖ)- кез келген есептеуіш жүйенің бөлігі. ПЖ- ның құрамына тек программалардың өзі ғана емес, мәліметтері бар файлдар да кіреді. Оларсыз программалар жұмыс істей алмайды. Мысалы, ПЖ құрамына программалармен жұмыс істеуге қажетті құжатттар кіреді (соның ішінде анықтамалық жүйе).
Өздерің білетіндей, компьютердің барлық программалық жабдықтамалары міндеттері бойынша үш класқа бөлінеді:
Жүйелік (жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді);
Қолданбалы (қолданушының есебін шығару үшін)
Құрал- саймандық (программалаудың жүйелері)
Жүйелік программалық жабдықтамлар қолданушының міндетін шешпейді, басқа программалар мен құрылғылардың жұмысын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде жүйелік программаларды екіге бөліге болады. Олар негізгі және сервистік. Негізгі программаға операциялық жүйелер жатады. Сервистік программалар (утилиталар)- компьютердің жұмыс істеуін кеңейтуге арналған программалар. Утилаталар ОЖ- нің құрамына кіруі немесе бөлек орнатылуы мүмкін. Оларға вирусқа қарсы программалар, программа- мұрағаттаулар, жүйеге, дискіге және т.б. диагностика өткізуге арналған программалар жатады.
Жүйелік ПЖ- нақты септерді шешуге қолданушының жұмысын қатмасыз ететін программа немесе программалар кешені.
Құрал- саймандық аспаптар программаларды жасау үшін пайдаланылады.
Барлық ПЖ алу амалдары бойынша келесідей бөлуге болады:
Тегін , Шартты, Проприетарлық
Еркін таралытн ПЖ (ЕПЖ) қолданушыға көп жағдайда шектеуліжұмыс істеумен беріледі. Егер ол шартты тегін болған жағдайда, программаны әзірлеушіге қажетті ақыны төлеу арқылы толық кықметіне қол жеткізе аласыңдар.
ПЖ әртүрлі белгілері бойынша жіктейді: міндеттері бойынша (жүйелік, қолданбалы, құралдық), алу амалдары бойынша (еркін және проприетарлық), тасымалдау мүмкіндігі бойынша (кроссплатформалық, платформатәуелді)
Егер «тіршілік кезеңінде» программа өзгерсе, онда оның атауымен бірге нұсқасы да көрсетіледі.Программаларды орнату және жою Басқару панелі арқылы жүзеге асды.
Программаларды тек сенімді өндірушілерден орнатыңдар Программаны орнатпас бұрын техникалық құралдардың минималды талаптарға сай келетініне көз жеткізу керек, программаның разрядтылығы компьютердің разрядтылығымен сәйкес болуы қажет.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Программаларды қандай белгілері бойынша жіктеуге болады?
Утилиталардың анықтамаларын айтыңдар
ЖПЖ мен ППЖ-ның айырмашылықтары неде?
Программаны Жұмыс үстелінен жоюға бола ма?
Ү. Үйге тапсырма:
ҮІ. Оқушыларды бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий