«Мерекелік шара «Жасыл шырша жанында»


«Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында»(Мектепалды даярлық тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігі)
Тәрбиеші: Аманова Гулнур2015-16 оқу жылы
Әуенмен балалар залға кіреді.
Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
балалар қандай әп әсем болып киінген.
Иа , тіпті ата аналарда киінген, ендеше бүгінгі жаңа жылымыз тамаша өтетін болды.
Тәрбиеші: Бүгін келді жаңарыпСәбилердің тағы даБи билейді ән салыпЖасыл шырша жанындаСәлем бізден баршағаҚұттықтаймыз жыр салаБүгін бізде жаңа жылҚош келіпсіз шыршағаЖаңа жылда көңілдіШырқалады әнімізАта- аналар сіздердіҚұттықтаймыз бәрімізҚане балалар, бәріміз біргеЖаңа жыл құтты болсын.(Бәрі бірге)
Тәрбиеші:- ия балалар, бүгін жаңа жыл мерекесі. Олай болса ән де салайық, тақпақты айтайық, биде билейік. Қане бәріміз бірге , қой жылы кетіп мешін жылы келді. Олай болса бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымыздан шашу шашайық.
Хор: « Жаңа-жыл»
Осы кезде мыстан кемпір келеді.Мыстан кемпір: - Ха-ха-ха мына жерде не болып жатыр, мұнда шырша қайдан келген.
Тәрбиеші: Шыршаның тұрған себебі біз шырша тойын мына балалармен бірге тойлап жатырмыз.Мыстан кемпір: -А, мүмкін емес мен сендерге шырша тойын тойлатпаймын, мына шыршаны қолымдағы балтамен шауып тастаймын.Сиқыр болып киінген қыз бала қолындағы сиқыр таяғымен Мыстан кемпірге келіп:- Мыстан кемпір сен қатыгез болма, Мына сиқырлы таяғымен сізді түртіп жіберіп , мейірімді мыстан кемпірге айналдырамын. Бір, екі, үш.Мыстан кемпір;- ой, ой, ой басым, басым ой, мен біртүрлі болып тұрмын. Ма мұнда балалар жиналып шырша тойын тойлап жатырго, балалар менде сендермен бірге шырша тойын тамашалайыншы.
Тәрбиеші: - Ой, балалар, мыстан кемпір мейірімді болып кетіпті, қане бар өнерімізді ортаға салайық.Шырша шамын жағу
Тәрбиеші: -Балалар, шырша шамын жақтық, енді бізге қонаққа кімдер келеді?Балалар: -Ақша қар мен Аяз ата келедіТәрбиеші: -Қане бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық хабар келді. Жақындап қалған шығар. Қане, бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды  шақырайық.
БІРГЕ:   Аяз ата а - у - у - у. Аз ата а - у - у - у -  Аз ата а
Аяз ата:- Амансың ба, ұлдарым?Амансың ба, қыздарым?Аталарың сендергеШаршап келді алыстан.Керемет бір ән тыңдап,Келіп тұр аз демалғым.
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз алыстан, шаршап келе жатырмыз. Сендер жаңа жыл мерекесін өткізгелі жатыр дегенді естіп, сіздерге келдік. Ал балалар аяз атаға айтар тақпақтарың, әндерің, билерің бар болса көрсетіп сыйлық алыңыздар.
Тәрбиеші: Ендеше балалар Аяз ата мен Ақшақар алыс жолдан келді, демалып алсын, ал біз ән, би сыйлап қуантайық.
Абылай:жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Нұрсая:жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Сұңғат:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос коп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын жаңа жыл.
Би: «Ча-ча»дайындық тобы.
Ерасыл:Жылдың әнін бастайын,
Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Даурен:бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Дамир:жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Хор: «Аяз ата»
Жангүл:жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Жанәділ :Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Би: Жангүл,Аружан,Нұрсая «Аққу биі»
Аружан:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аян:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Мансур:
Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Хор: бөбектер әні
Тәрбиеші:Көңілде көп қуанышӘр көңілде жақсы үмітКетер жылға мың алғысӘкелген көп жақсылықЖаңа жылда алдағыКөңіл өсіп кеңейсінОртақ ойы арманыЖақсы дәстүр көбейсінОқ атпасын ешкімдеӨмір деген тым ыстықЖұмыр жердің үстіне Бұзылмасын тыныштық
Тәрбиеші:Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
Тәрбиеші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз
Құрметті достар!
Тәрбиеші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
Тәрбиеші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

Приложенные файлы


Добавить комментарий