«К?рікті шыршамыз!»Жа?а жылды? ерте?гілік»


Зал іші жаңа жыл мерекесіне орай әдемі безендірілген.Көңілді музыкамен залға сыған шығады(тәрбиеші).
Сыған:
Бал ашамын,болашақты болжаймын,сонау болгариядан келдім!
Ата-аналардың қасына келіп,алақандарын ұстап:
Сіз биылғы жаңа жылда қымбат машина алады екенсіз,сіз биылғы жаңа жылда құндыз тон алады екенсіз,ал сіз биылғы жылы өте бай адамдардың қатарына қосылады екенсіз!Уф,шаршадым,көп жұмыс істедім,одан да би билеп көңіл көтерейін,ей балаларым,келіңдер,жаңа жыл мерекесін тамаша бимен қыздырайық!
Сыған биі:
Сыған:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Балаларым,біз сонау болгариядан жаңа жыл мерекесін көрейік деп келдік,сондықтан ортаға «Бәйтерек» тобының балаларын шақырайық!
«Жадо» тобының «Жаңа жыл» композициясымен балалар саппен кіріп,шыршаның алдына жарты шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші:
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Ән: «Жаңа жыл».(хормен орындалады).
Балалардың тақпақтары.
Балалар екі жаққа бөлініп,орындарына отырады.
Залға көңілді әуенмен ақшақар кіреді.
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме ,балалар,жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің
Береке,ырыс сыйлашы!
Жүргізуші:
Қош келдің,ақшақар,төрлет!
Ақшақар:
Балалар,сендердің ойын ойнағыларың келе ме?
Жаңа жылдың тойында«Жан салайық» ойынға!
Ойын: «шапшаң бол».
Ақшақар:
Рахмет,балалар,сендер өте шапшаң екенсіңдер.
Енді сендердің ата - аналарыңмен бір ойын ойнасам деймін.
Ата-аналармен ойын.
Ақшақар:
Балалар,қараңдаршы,шыршаларың қандай әдемі безендірілген.Ойыншықтары да өте әдемі екен.Бірақ,шамдары әлі жанбапты аяз ата келгенше біз шыршамызды жарқыратып қояйық,келіңдер!
Балалар,шыршаны жағалап тұрады.
Ақшақар:Енді,балалар,Сыйқырлы сөзімізді үш рет айтайық:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
Әдемі музыка фонында шыршаның шамдары жанады.
Ән: «Көрікті шыршамыз».
Балалар орындарына отырады.
Сыған:Ой,балалар,сендердің елдеріңде жаңа жыл мерекесі тамаша тойланады екен,айтшы,ақшақар,жаңа жылда тағы қандай қонақтар келеді.
Ақшақар: Жаңа жыл мерекесіне біз аяз ата екеуіміз келеміз және кішкентай сантоклаустар келеді,сенбесең,өзің тамашала.
Сантаклаустар биі.
Сыған:Ой,ақшақар,көп рахмет,сантаклаустарың өте әдемі екен,енді менің және менің балаларымның соңғы тілегін орындашы.
Ақшақар:Ол қандай тілек.
Сыған:Біз сантаклаустарды көрдік,енді аяз атаны көргіміз келіп тұр.
Ақшақар:Жарайды,тілектеріңді орындайық,аяз атаны шақырайық.
Жүргізуші:Ал,балалар,енді барлығымыз дауыстап аяз атаны шақырайық.
Залға әдемі әуенмен аяз ата кіреді.
Аяз ата:
Амансыңдар ма,ұлдарым
Амансыңдар ма,қыздарым!
Қандай көркем қырларың
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым
Тойларыңа асығып,
Өздеріңмен қауыштым!
Ақшақар:
Келіңдер,келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан
сыйлық алып көріңдер!
Балалардың тақпағы.
Жүргізуші: Аяз ата,балалар саған арнап ән айтып береміз дейді,қабыл алыңыз.
Балалар шыршаны айналып тұрады.
Ән: «Аяз ата».
Аяз атамен ойын.
Орындарына отырады.
Жүргізуші:
Аяз ата,сіз бізбен ойнаймын деп шаршаған шығарсыз,сіз отырып демалыңыз,ал біздің әнші балалапандарымыз сізге арнап ән айтып береді.
Ән: Жаңа жылым,жаңа нұрым.(ән үйірмесінің балалары орындайды).Балалар орындарына отырады.Шыршаның артынан матаға оралған біреу шығады.
Жүргізуші,Ой,балалар,бұл кім болды екен.Қазыр ашып көрейін.
(матаны ашады).
Жүргізуші:Балалар,қараңдар,бізге жаңа жыл келді,биылғы жыл,балалар,жылан жылы екен.Қош келдің,жаңа жыл!
Жаңа жыл:
Құт әкелем еліме,
Тыныштық силап жеріме.
Бақыт,байлық тілеймін мен
Мына тұрған бөбектеріме!
Жүргізуші:
Қош келдің,төрлет,жаңа жыл
Бізге сыйла жаңа нұр.
Қазағыма аямай
Құт әкелсін жаңа жыл!
Аяз ата:
Ой,балаларым,сендер мерекені өте қызықты өткізіп жатсыңдар,әндерің қандай тамаша,киімдерің де әдемі,ал шыршалалрың тіпті керемет екен.Бірақ біздің ақшақар екеуімізді басқа да балалар күтіп отыр,біз енді соларды қуантайық.Сау болыңдар!
Ақшақар:
Ау,аяз ата сіз балалардың сыйлығын беруді ұмытып бара жатырсыз ғой.
Аяз ата: Ой,ақымақ кәрі басым ай,балалардың сыйлығы ойымнан шығып кетіпті ғой,Қанеки кішкентай сантаклаустар,шыршаның артынан сыйлықтарды алып келіңдерші.(сантаклаустар сыйлықтарды алып келеді).
Аяз ата(қаптың аузын аша алмайды).ой,балалар,мына қаптың қаптың аузы ашылмай тұр,қаптың аузы ашылғанша,сендердің ата-аналарыңның жылы лебізін тыңдайық.
Ақшақар:Иә,аяз ата,балалардың жыр шумағын,әндерін,билерін тамашаладық,енді балалардың ата-аналарының тілектерін де тыңдап көрейік.
Ата-аналарға сөз беріледі.
Аяз ата:Ал,ақшақар қызым енді балалардың сыйлықтарын таратайық.
Сыйлықтар беріледі.
Аяз ата:Ал,құрметті ұл қыздарым,жаңа жыл сендерге тек қуаныш әкелсін.
Ақшақар екеуі бірге:
Жаңа жыл құтты болсын,сау болыңдар!
Сыйлықтар беріледі.
Аяз ата:Ал,құрметті ұл қыздарым,жаңа жыл сендерге тек қуаныш әкелсін.
Ақшақар екеуі бірге:
Жаңа жыл құтты болсын,сау болыңдар!
Көңілді музыкамен залдан шығып кетеді.
Жүргізуші:
Осымен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды,келесі кездескенше,сау болыңыздар!

Приложенные файлы


Добавить комментарий