«К?мектес септік» ашы? саба?»


Тақырыбы: Көмектес септік
Мақсаты:
Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге – мен, - бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру, көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Оқушының оқу әркетімен шұғылдану арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Түрі: дамытушылық
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, пысықтау, көрсету, ізденіс
Көрнекілігі: кесте, үлестірмелер, семантикалық карта
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты пысықтау
I – II топ бойынша:
2. септіктер бойынша сұрақ – жауап.
I – топ
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Мен бүгін Асан ........ көрдім.
Оқушылар кітапхана ................ кеш шықты.
Айдын Ербол ................... добын берді.
II – топ
Тапсырма.
Берілген сұрақтар бойынша: бала, қала сөздерін өзгертіп жаз. Зат есім жалғауларының астын сыз. Олардың өзгерісін байқа.
Әдепті кім? Қайдан келді?
Кімді көрді? Ненің жанында көл бар?
Кімге берді?
Демалыста қайда барасың?
Кімнен сұрады? Мен нені ұнатамын?
Сұрақ: Жалғау жалғанбаса сқйлемнің мағынасы бола ма?
Ой тұжырымдамасы: зат есімге жалғанатын жалғауларды септік жалғауы дейміз.
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Пікір алысу.
Балалар қазір қай мезгіл? – қыс
Қыста ауа – райы қалай болады?
Суық боран.
Қыста қандай спорт түрімен шұғылданасыңдар немесе қандай түрлері бар?
Шаңғы, коньки, хоккей ойындары.
Ендеше 2 сөйлем құрастырайық.
Шаңғымен сырғанадым
Мұзайдыныда конькимен сырғанадым.
Сұрақтарға жауап алу: кімдермен? Кіммен? Немен? Нелермен?
Ережені қорыту. Мен – бен – пен жалғаулары арқылы жасалады.
Көркем минуты: Кк
а) Оқулық жұмыс
80 – 82 – жаттығу (кіммен? Немен?)
ә) Адасқан сөздерді өз орындарына қойып сөйлеп құра. Қос сызықпен сызылған сқздер қай септікте тұрғанын айт.
Ол келді жоталар
Сөз қымбат
Адыр кезуші
Қымбат кені
Тас ұр ұрғанды ас
Сергіту минуты
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір – бірімен шатастырып алып, жүрме
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі гой
Жатта соны, ойнап күлме босқа жүрме.
А. І. Б. Т. Ж. Ш. К
Жаттап алсаң балақай
Зат есімді септе тез
Жаттығулар жүргізу.
83 – жаттығу.
Бір – біріңе түсіндіре отырып, сойлем мүшесіне талдау. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айт.
Немен? Гүлсіммен, атасымен.
84 – жаттығу.
Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге ат қою
Сумен, материкпен (сызба бойынша дәлелдеу)
Бұл көмектес септіктегі сөз. Өйткені
Семантикалық картамен жұмыс
Ас. Іс. Бс. Тс. Жс. Шс. Кс
Тәрбиенің
Табиғатқа
Ананы
Мектеп
Кітапта
Еңбекпен
Пойыздан
Сабақты қорыту.
Қазақ тілінде неше септік бар?
Сұрақтарын, жалғауларын атату.
Уйге тапсырма
85 – жаттығу.
Бағалау.


Приложенные файлы


Добавить комментарий