«Ас атасы — НАН» (1-сынып)


Тәрбие сағаты 1-сынып
Тақырыбы: «Ас атасы - НАН»
Мақсаты:  Ас атасы нанды қастерлейді, қандай ащы еңбекпен келетінің түсінеді.  Нан түрлерімен танысады. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ,үйренгенін өмірде қолданады.
 Көрнекілігі:   нақыл сөздер, түрлі суреттер т.б.
 
Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері «Жүрек»
 Суреттер арқылы топқа бөлу І топ тоқаштар, ІІ топ таба нан, ІІІ топ бауырсақтар
Ардақты нан! Ана мінез асыл нан!
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнанБір күлшеңді мың есе артық дер едім,
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан-дей отырып ««Ас атасы - НАН» » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
 
Нан – ең қасиетті дәм. Кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне ешкімнің таласы жоқ. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш таттыратынымыз да нан. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Дастархан басында да ең алғаш нанды жеуден бастаймыз. Нансыз дастарханның да, ішетін астың да дәмі болмайды. Тіпті ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда 4,5 грамм ғана нанды өздері үшін қуат тұтады екен. Бұл нанның құдіретті ас екендігін дәлелдейді. Сол үшін зауыттардан тәулік сайын миллиондаған нан пісіріліп, халыққа тынымсыз сатылады. Нанды қалай болса солай бөліп турай беруге болмайды. Оның ұсағының өзі киелі. «Нанның ұсағын жеген бала сауапқа қалады» — деген сөзді ата-әжелеріміз көп айтады. Себебі , қиыншылық кездерде бір үзім нан көптеген жандардың жаныны жалау болып, өмірден үмітін үзбеуге себеп болған. Қазіргідей тоқшылық заманда біз секілді жастар мүмкін нанның қадірін тереңнен ұқпас. Кез-келген жерде тәтті тоқаштарды жеп кете береді. Жерде жатқан нанды көрсе алмайтындар да бар. Ойланбай қоқыстардың арасына тастай салады. Бұл әрине кешірілмес күнәдей сезіледі.
«Бір тоқтықтың бір аштығы болады» — деп дана халқымыз тегін айтпаған. Еліміздің күш-қуаты болып, дастарханымыздың тұздығын келтірген қасиетті нанымызды қадірлей білейік балалар.
Әдеби монтаж:балалардың нан туралы тақпақтару.
Үш тілділік саясат: Нан.Хлеб.Bread (брэд)
Нан түрлері.Үй жұмысы.Қысқа мерзімді зерттеу жұмысы. Рецепт дегеніміз не?
Құймақ пісіру жолымен танысу(Ералы,ауызша); Бауырсақ пісіру жолдары(Бахтияр,сызба); Тоқаш пісіру жолдары ( Ақсұңқар,фото)
Балалар күнделікті жеп жүрген нанның қаншама түрі бар екенің білесіңдер ме?    — Нанның 200-ден астам түрі бар екен. Наннан басқа ұнан, бидайдан  жасалатын тағамдардын түрлері қаншама!
Слайд арқылы көрініс және ата аналардың пісіріп әкелген нан тағамдары туралы айту.
«Ақ нан неге ақ?» сұрағына жауап беруге тырысу (оқушылардың ойын тыңдау)
Нан дүкенінен келе жатып,Ержігіт апасынан тосын сұрақ қойды: Апа ақ нан неге ақ,қара нан неге қара? Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?
Дұрыс жауап;Бұл ұнға байланысты.Ұн әртүрлі ақбидай ұныда,қара бидай ұны да болады.Ақбидай ұнынан ақ нан,қара бидай ұнынан қара нан пісіріледі деп жауап берді апасы.
Көрініс; Қайдан келдің,бауырсақ? (аружан,Бахтияр)
Топтық жұмыс: Жағдаяттарды талдау
Видиоролик; «Бір үзім нан»
Нан болмаса, бағыңның кетері бар,
Нанмен ғана өмірдің өтері бар.
Жолда жатса егер де бір үзім нан,
Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал.
Сергіту сәті:«Нан қиқымын шашпаңдар»
Жұптық жұмыс:Нан дастарқанға қалай келеді? Суреттен ретін белгілеп көрсетіп айту.
Нан-қасиетті тағам. Оның біздің дастарханға жетуі үшін қаншама адам еңбектенуі қажет. Астық өсіріп, нан алу үшін қыста егістіктерді даярлап, қар тоқтатып, ылғандандырады. Көктемде жерді жыртып, дән себеді. Жаз бойы егіншілер егінді суарып, күтеді. Күзде егін жиналып, өнім астық қоймасында кептіріледі.
Нан дастарханға қалай келеді?Оқушылардың пікірін тыңдауІІ. Мағынаны тануНан туралы ақыл – кеңестер.Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
«Ырым - тыйымдар»Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қоядыНанды төңкеріп қоюға болмайды.
Суретті сөзжұмбақ шешу. Ас атасы – Нан.
Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды.
Жердің сәні егін, ердің сәні білім – дегендей балалар, осы тақырыпта өздерін қандай мақал-мәтелдер білесіндер? ӨЖ.
Ас атасы - НАН; Хлеб- Всему голова. Брзд ис стаф оф лайф.
Кері байланыс: Венндиограммасы (тақтада)
Эссе жазу(оқу)
Орасан еңбекпен дастарханға келген ақ нанды халқымыз қасиетті тағам дейді. Жер-анамыздың бізге сыйлаған қазынасын ұқыпты да, ысырапсыз пайдаланайық. Қасиетті нанды қадірлеп, қастерлейік. 
Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң, жерді бұлт торлайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де, оның да
Мерейі үстем ғып тұрған,
Ол-НАН!
 
 Ендеше , бүгіні «Ас атасы - НАН»» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар салып тыңдағандарыңыз көп-көп рахмет! Аналарымызға көп рахмет уақыттарын бөліп қаншама ресурстар әкеліп сабағымызға қатысқан үшін.Сау болыңыздар!

Приложенные файлы


Добавить комментарий