« Мені? жа?а ??жатым – kundelik.kz »


«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ
Бағыты: «Ұстаз-оқушы-ата-ана» коммуникациясын интерактивті дамыту
Тақырыбы: « Менің жаңа құжатым – kundelik.kz »

Орындаған: Султанова Аяулым 9 «а» сынып оқушысы
Жетекшісі: Тастенова Алия Бейбитжановна
Айыртау ауылы 2017 жыл
Айыртау ауылының Гагарин атындағы орта мектебінің
9 «а» сынып оқушысы Султанова Аяулымның
« Менің жаңа құжатым – kundelik.kz »атты ғылыми зерттеу жұмысына
Аңдатпа
Ғылыми зерттеу жұмысында 9 сынып оқушысы Султанова Аяулым қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығын, ерекшелігін, тиімділігін, қажеттілігін анықтап, зерттеуді мақсат еткен.
Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы күнделік түрлеріне шолу жасаған. Екінші, үшінші бөлімдерінде ЭК пен қағаз күнделіктің айырмашылығы, ерекшеліктерін ашып көрсетті. Қазіргі заманда қолданыста жүрген күнделік сапасын, жаңа ЭК ті пайдалану аясын зерттеді.
Султанова Аяулымның бұл зерттеу жұмысын тақырып негізінде жинақталған мәліметтер «ұстаз-оқушы-ата-ана» байланысын дамыту аясында қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Жетекшісі: Гагарин атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Тастенова Алия Бейбитжановна
Аннотация
Целью научно – исследовательской работы ученицы 9 класса Султановой Аяулым является ознакомление видами дневников, их воспитательное влияние на учебный процесс, использование оба вида дневников, оставить бумажный дневник в начальных классах. В первой части научной работы было проведено ознакомление c видами дневников: бумажного и электронного вида, их разница и особенности, их польза-вред ученику как потребителю продукции. Сравнив современные виды бумажных дневников и электронного дневника провела исследовательскую работу. Научную работу Султановой Аяулым на основе собранных фактов можно использовать в укреплении учебного процесса в направлении «учитель-родитель-ученик» и как вспомогательный материал на классных часах.
Читая научную работу можно заметить, что ученица достигла поставленной цели.
Annotation
Student of 9th «А» form Sultanova Ayaulym works. The purpose of the work was introduction with types of diarys and impact on the learning process.
In the first part was introducing with the types of the diarys: paper and electronic.
Thein differences, ospeciallys, benefids and harms for student’s.
Sultanova Ayaulym was chieve the aim.
Мазмұны
І.Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------5 бет
ІІ.Негізгі бөлім ------------------------------------------------------------------------
2.Күнделік түрлері ---------------------------------------------------------------------- 6 бет
2.1.Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі -------------------------------------------------------------------------------7 бет
2.2.Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-аналар» үшін беретін мүмкіндіктер -------------------------------------------------------------------------- 8 бет
ІІІ.Зерттеу бөлімі----------------------------------------------------------------------
3.Сауалнамалар, бақылау нәтижесі------------------------------------------------ 11 бет
3.1. Сараптама----------------------------------------------------------------------------13 бет
ІҮ.Қорытынды--------------------------------------------------------------------------17 бет
Ү.Пайдаланған әдебиеттер ---------------------------------------------------------19 бет
ҮІ.Қосымша-----------------------------------------------------------------------------20 бет
Кіріспе
Зерттеу жұмысымның өзектілігі: Білім беру жүйесіндегі барлық өзгеріс- жаңа құжат «kundelik.kz» -электрондық күнделіктің тиімділігін, қағаз күнделікпен қатар жүру керектігін нақты нәтижелер негізінде дәлелдеу. Таңдап алу мүмкіндігін оқушы мен ата-ананың өзіне қалдыру.
Ғылыми жобамның гипотезасы: Қазіргі заман талабында білім үрдісінен тыс қалмау, электрондық күнделікті пайдалану арқылы қағаз күнделіктің тәрбиелік мәнін сақтау, жаңарту.
Ғылыми жобамның негізгі мақсаты:
Қағаз күнделік пен электрондық күнделіктің қатар жүру қажеттілігіне көз жеткізу.
Ғылыми жобамның міндеттері:
1.Күнделіктің білім беру жүйесінде алатын орны туралы мағлұмат жинақтау.
2. Электондық күнделіктің тиімді, тиімсіз жақтарын көрсету.
3.Жинаған мағлұматты талдау.
4. Қазақстанда білім беру жүйесінде «ұстаз-оқушы-ата-ана» байланысын дамыту қажеттілігін айқындау.
5.Өзіндік пікір,тұжырым, ұсыныс жасау.
Ғылыми жобамның зерттеу кезеңдері:
1. Күнделіктің білім беру жүйесінде алатын орны туралы мағлұмат жинақтадым.
2. Электрондық күнделіктің тиімді, тиімсіз жақтарын анықтадым.
3.Жинаған сауалнамаларды талдадым.
4. Оқушы, ұстаз, ата-аналардың электрондық күнделіктегі мүмкіндіктерін анықтадым, жүйеледім.
5.Қағаз күнделіктің сапасы мен тәрбиелік мәнін айқындадым.
6.Өзіндік пікір,тұжырым, ұсыныс жасадым.
Ғылыми жобамның зерттеу әдісі:
Жинақтау,талдау;
Салыстыру;
Өзіндік ой топшылау.
Ғылыми жобамның жаңашылдығы: Қазақстанда білім беру жүйесінде «ұстаз-оқушы-ата-ана» байланысын дамыту қажеттілігі туралы өзіндік пікірімді айтамын. Тәрбиелік мәні зор қағаз күнделіктен алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде екі күнделікті қатар қолдану, күнделік түрін таңдауды ата-ана мен оқушының өзіне беру қажеттілігіне көз жеткіздім. Өз сыныптастарымның, ұстаздарымның электрондық күнделік жайлы ойлары белгілі болды.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:Тақырып негізінде жинақталған мәліметтер «ұстаз-оқушы-ата-ана» байланысын дамыту аясында қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.
Негізгі бөлім
2.Күнделік түрлері
Қазіргі интернет желісі дамыған елдерде білім беру жүйесі көптеген өзгерістерден өтуде. Үздік елдер қатарына қосылу үшін біз де осы салада аянбай еңбек етеміз. Әр ата –ана өз баласына тек жақсы білім беруге тырысады. Мектеп, ұстаз таңдап, оқулық әпереді. Мектеп өміріне белсенді қатысып, оқушының әрбір қадамын, оқуын, тіпті күнделіктегі бағасын қадағалап отырады.
Барлық өзгерістерді, жаңалықтарды қабылдап үйренген ата-ана жаңа құжат- «kundelik.kz» -электрондық күнделікті қалай қабылдайды екен? Оның тиімділігі неде? Қағаз күнделіктен артықшылығы, айырмашылығы қандай? Ол қалай жұмыс істейді? Қағаз күнделікке шектеу қойыла ма? Мыңдаған туындаған сұраққа жауап табу үшін алдымен күнделік түрлеріне тоқталғым келеді.
Күнделік бірнеше түрге бөлінеді: оқушы күнделігі; өмірбаян жазуға арналған жеке күнделік; ұмытып қалмас үшін қолданылатын күнтізбелік күнделік; табиғатты, адамды бақылайтын күнделік; т.с.с.
Олардың түрлеріне қарай өз маңыздылығы, құндылығы өзінде. Өмірбаян күнделігі арқылы танымал адамды басқа қырынан танып, білуге болады; күнтізбелік күнделік арқылы күнделікті істелінетін жұмысты орындау ретін сақтайды; бақылау күнделігі түрлі жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
2.1. Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі
Мен алдымен қағаз күнделікті көру үшін дүкендерді араладым. Сондағы көзге бір түрлі көрінген көрініс – сауда сөрелерінде еркін сатылып жатқан мұқабасы мазмұнсыз, түрлі оқушы күнделіктері болды. Ішкі мазмұны бірдей, ал сыртқы безендіруі әртүрлі күнделіктер базар нарығына қайдан келіп жатыр? – деген ниетпен соңғы бетіне көз салғанымда, оларды басқан баспаның аты-жөні, не қаласы көрсетілмеген екен. Дүкендерді жаулап алған мұндай өнімдердің пайдалы жағымен қатар, көлеңкелі тұстары да жетіп-артылады. Мысалы, бағасы арзан, сырты мағынасыз суреттермен безендірілген күнделіктердің балаға берер пайдасының аз екендігін бәріміз білеміз. Біле тұра, «ішкі мазмұны бірдей болса болды емес пе, ертең бұны да таппай қаламыз» деген оймен кез келгенін ала саламыз. Бағасына емес, сапасына неге көңіл бөлмейміз? Оқушының санасына кері әсерін тигізетін күнделіктерді балаларға алуға ешкім де мәжбүрлеп жатқан жоқ қой.
Мектеп психологының айтуынша, мұндай сапасыз өнімдер баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп, оның сабақты оқуға деген қабілетін төмендетеді екен. Көптеген мектеп оқушылары отандық өнімдерімізді тұтыну үшін белсенділік танытып отыр. Мектебімізде өз елімізде шыққан сапалы, ішкі мазмұнына сыртқы безендірулері сай келетін күнделіктерді пайдалана бастады. Оларды да салыстырып бақыладым.
Оқушының білім жетістігін, тәртібінің нәтижесін көрсететін және ата-анамен байланыс жасауға көмектесетін күнделік бүгінгі күні қалай өзгерді? Таныс болыңыздар: жаңа форматтағы, заман талабына сай –« kundelik.kz».

Компания туралы: «kundelik.kz»-ЖШС – қазақстандық АТ –компаниясы, білім беру мекемелерінің өкілдеріне, сондай-ақ мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға электрондық білім беру аймағын әзірлеуші.
Компанияның негізгі өнімі –автоматтандырылған ақпараттық білім беру kundelik жүйесі: электрондық құжат айналымдары, білім беру ұйымдарының және әлеуметтік желілік өзара іс-қимыл құралдары, барлық білім беру үрдісінің қатысушыларының мүмкіндіктерін біріктіреді.
2.2. Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері
Электрондық күнделіктің күні бүгін ғана басталған жоқ. Дегенмен, біздің елімізде енді қарқын алып келе жатқан күнделіктің бұл түрінің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ендеше оларды қарастырайық:
Ата-ананың мүмкіндіктері:
Электрондық күнделік-бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Кестедегі өзгерістерді, оқушының ағымдық және қорытынды (жиынтық) жетістіктерін бақылайды. Үй тапсырмаларын көріп, оқу туралы хабарландырулар e.mail арқылы хабардар болып, тілдесе алады.Тақырыптық форумдар жасап, іс-шаралардағы фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен байланысуға болады.

Оқушының мүмкіндіктері:
«kundelik.kz»-сайты қағаз күнделіктің мүмкіндіктерін оңай шешеді және басқа мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланатын материалдар. Орташа балл, өткізілілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелері.

Білім беру ресурстары: онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды. Медиатехникада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған.
Портфолио: «kundelik.kz» жүйесіндегі жеке парақшаны портфолиоға оңай айналдыруға және барлығына жетістіктеріңіз туралы хабарлауға болады. Оны жеке блог және жазбаларды жасау және дайындау үшін әуесқойлығың, жеке материалдар мен ресми мадақтамаларға, дипломдарға арналған файлдардар, жаңалықтары бар қабырға және т.б. әрекеттер арқылы жасауға болады.
Тілдесу: (общение) @ [email protected] сайтымен оңай: басқа мектеп оқушыларымен хабар алмасу, өз мектебіңіздің тақырыптық үйірмелерін өздігінен жүргізу немесе оларға қатысу, сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылау, мектептік өмірдің фотосуреттерімен алмасу.
Байқаулар бөлімінің қолжетімділігі: «kundelik.kz» сайтымен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізу –бұл әр түрлі тақырып бойынша көптеген байқауларға қатысу. Байқаулар өнерпаздық әрі зияткерлік болуы мүмкін. Өз бетіңмен немесе сыныптастармен бірге қатысып, бағалы ұтыстарға ие болуға болады.
Мұғалімнің мүмкіндіктері:
Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің «kundelik.kz» сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және т.б. құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның жариялылығын реттеуге болады.
Кесте және сабақтар: кестенің қарапайым түрі, түсінікті енгізу. Сабақ ауыстыруларын және өткізілмейтін сабақтарды белгілеу. Сынып бойынша кестені 1 аптаға немесе барлық торды қараңыз немесе басып шығаруға болады.
Электрондық журнал: үйреншікті қағаз журналының стандартты көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдай алады. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.

Үй тапсырмаларын басқару: үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі оларды сыныптың барлығына немесе бөлек оқушыларға беруге, әр түрлі сыныптар үшін тапсырмаларды көшіруге, оларға файлдарды қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді.
Есептер: құрамына стандартты тізімдемелер мен білім беру мекемесінің есептері де, қосымша тізімдемелер кіретін толық статистика. Бұрын мектепте қолмен толтырылған есептер қазір автоматты түрде жасалады. Барлық деректер нақты уақыт режимінде жаңартылады.

Зерттеу бөлімі
3.Сауалнамалар
Оқушылардың, ата-аналардың, мектеп ұстаздарының, сонымен қатар зейнеткер ұстаздардан «kundelik.kz»-бойынша сауалнамалар алынды. Ондағы сұрақтар мынадай: *-Электрондық күнделік
9-11 сынып оқушыларына арналған №1 сауалнама барлығы 41 қатысқаны 41
ЭК* туралы білесіз бе? (иә....29.......жоқ.....3...........аз білемін.....9.........)
ЭК ке кіресіз бе? (иә......1............жоқ........30........анда -санда..10.............)
ЭК ке не арқылы кіресіз? (мүлде кірмеймін...11.телефон..27.....ноутбук.3)
Сізде үйде интернет бар ма? (иә.....10.....жоқ.....13.......мегабайт қолднанамын.......18.......)
Сізге бұл күнделік түрі ұнайды ма? (иә....8.. жоқ 15....қолдануға болады.......18.......)
Тәжірибелі ұстаздарға арналған № 2 сауалнама барлығы 24 қатысты 19
ЭК туралы білесіз бе? (иә.......14...........жоқ................аз білемін....5.........)
ЭК ке кіресіз бе? (иә..........15........жоқ................анда -санда.......4..........)
ЭК сізге ыңғайлы ма? (иә.........10.........жоқ........3........қолдануға болады...........6..........)
Сіз үшін тиімді, тиімсіз жақтары: Тиімді: заманға сай-1, ата-анамен байланыс-5, жоғалып жыртылмайды -3, нақты бағалау-1, өте ыңғайлы-1, қағаздан құтылу-1, тиімді жақтары бар-2
Тиімсіз: көп уақыт алады-9, интернетке тәуелді-3, көз көрмеу-1, үнемі кіре алмау-1, электр қуатына тәуелді-1, материалдық база (әр кабинетке комп) -1, жауап беруден бас тартқан-1
Сіздің таңдауыңыз? (Қағаз күнделік.......10....ЭК......3... екеуі де...6........)
Жас маман ұстаздарға арналған № 3 сауалнама барлығы 12 қатысты 9
ЭК туралы білесіз бе? (иә. 8...........жоқ......-..........аз білемін.........1...........)
ЭК ке кіресіз бе? (иә...........9.......жоқ........-........анда -санда..........-...........)
ЭК сізге ыңғайлы ма? (иә........9..........жоқ................қолдануға болады.....)
Сіз үшін тиімді, тиімсіз жақтары : Тиімді: заманға сай -2, ата-анамен байланыс-4, оқушыға тиімді-1, үйде істеуге болады-2
Тиімсіз: интернет қолжетімсіздігі, баяулығы-5, уақыт тапшылығы-2, логин, пароль жоғалту-1, сабақта қолдана алмау-1
Сіздің таңдауыңыз? (Қағаз күнделік.....2...ЭК....4.. екеуі де..........3.........)
Зейнеткер ұстаздарға арналған №4 сауалнама қатысқаны 3
ЭК туралы білесіз бе? (иә.........3........жоқ...............аз білемін.....................)
ЭК ке кіресіз бе? (иә.........1.........жоқ.........2.......анда -санда.....................)
ЭК сізге ыңғайлы ма? (иә..................жоқ...........1.....қолдануға болады.......2..)
Сіз үшін тиімді, тиімсіз жақтары: Тиімді: оқушыға, ұстазға ыңғайлы -1, білім сапасын көтереді-1, ата-анамен байланыс-1
Тиімсіз: ноутбукпен жұмыс істеу менің жасымда қиындау-1
Сіздің таңдауыңыз? (Қағаз күнделік.......1. ЭК..... екеуі де......2.............)
Сыныптар бойынша ата-аналардың ЭК-ке кіру белсенділіктері:
(2017 жылдың қаңтар айы бойынша ЭК-тен есеп)
Ата-ана саны ЭК-ке кіру оқушы саны ЭК-ке кіру
9 «а» 31 51 19 33
10 «а» 31 78 18 18
11 «а» 24 46 16 33
Сіздің таңдауыңыз?
Қағаз күнделік ЭК Екеуі де
9-11 сынып оқушылары 8 15 18
Жас маман 2 4 3
Тәжірибелі ұстаз 10 3 6
Зейнеткер ұстаз 1 - 2
барлығы 21 22 29
Қағаз күнделікті тұтыну түрлері: қатысқаны-102 оқушы
сыныптар Отандық өнім Шетелдік өнім Қарапайым түрі
2-4 сыныптар (1сыныпта күнделік жүргізілмейді) 48 47 7
3.1. Сараптама
Сауалнама барысында ЭК-тің көбінесе аталған тиімсіз жақтары: интернетке тәуелділік, ыңғайсыздық, уақыт тапшылығы. Тиімді жақтары: ата-анамен байланыс жасау, жоғалып жыртылмайды, заманға сай.
Орта және жоғарғы сынып оқушылары қағаз күнделікті өздері таңдап сатып алса, бастауыш сынып оқушыларына көбінесе міндетті түрде ата-анасының таңдауы басым болады. Сондықтан қағаз күнделіктің қандай түрін қолданып жүргендерін анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының күнделіктерінің сапасын көріп, санауды жөн көрдім. Санақ барысында: отандық өнім («Алтын адам», «Бәйтерек», т.с.с.) – 48 күнделік; шетелдік өнім (суретті) -47 күнделік; қарапайым (ешбір суретсіз ) отандық өнім-7. Отандық өнім саны шетелдік өнімді тұтынудан 8 күнделікке артық болды. Ол қуантарлық нәтиже.
Сауалнама алынған барлық қатысушылардың таңдауы: ЭК-ті -22 адам, қағаз күнделікті -21 адам, екеуін де – 29 адам.
30.01.2017ж Сынып жетекші, ғылыми жобамның жетекшісі және ЭК жетекші маманымен бірге ЭК туралы сыныптастарымның сауаттылығын арттыру мақсатында өз сыныбымда «ЭК- ті қолдану» атты сынып сағатын ұйымдастырып өткіздім. Қатысқаны: 19 оқушы.
Қорытынды нәтиже: Біздің мектебіміздің оқушылары, ұстаздары, ата-аналары ЭК-ті толығымен қолдануға дайын емес. Сауалнамаға қатысушылардың көбі ЭК туралы, оны қолдануды білмейді. Алдағы бірнеше жыл барысында қағаз күнделік пен ЭК бірге қолданылып, қағаз күнделікке шектеу қойылмайтындығына көзім жетті. Болжам расталып, мақсат орындалды.

Жас мамандар, тәжірибелі ұстаздардан сауалнама алу сәті

Зейнеткер ұстаздармен кездесу

Байсадыкова М.М. Касаинова Л.Б.
Смагулова Г.С.
ЭК бойынша жетекші маман
Кожантаева Ж. кеңесу сәті

Сыныптастарымнан сауалнама алу сәті

«ЭК- ті қолдану» атты сынып сағаты

Мектеп психологы Н.К.Бердыгожаевамен кеңесу сәті

1113155112395
Мектеп медбикесі С.Ж.Смагуловамен кеңесу сәті
2954020238760-361315238760
Дүкен аралау сәті
Қорытынды
Оқушы күнделігі қандай болуы керек? Күнделік–оқушының басты құжаты. Күнделікке оқушының білімі бағаланып қойылады, тәртібі мен күнделікті жүргізуіне сын жазылады. Оқушының тәртібіне, ынтасына оң ықпал етіп, тиянақтылыққа тәрбиелейді. Ата-анамен байланыс жасау құралы ретінде қолданылады. Ертеректе, қысылтаяң заманда күнделік сатып алу мүмкіндігі болмаған ата-аналар амалдап, 12-беттік дәптерді сызып күнделікке айналдырған.
Сексен жылдай тарихы бар «Дәуір» баспасы жыл сайын оқушыларға арнап екі миллион күнделік басып шығарады. Қағазы сапалы, сырты көркем безендірілген бұл өнімнің бағасы да қолжетімді. Күнделік сыртында еліміздің Тәуелсіздігін айғақтайтын мазмұнды суреттер берілген. Оқушы күнделікті қолына алған сайын «Менің елім, менің жерім, менің қалам» деген патриоттық сезімнің бойларын кернейтіні анық. Соңғы жылдары осындай жақсы үрдісті «Хатбер-Қазақстан» ЖШС үздіксіз жалғастырып келеді.
Сапасы да сын көтеретін, бағасы да қолжетімді, мағынасы мұндай күнделіктер көптеп таралып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Әттеген-айы, дәл қазіргі таңда базарларда ішкі мазмұны «Дәуір» баспасынан алынған, бірақ, сыртқы мұқабасы ала-құла күнделіктер қаптап барады. Сапасыз өнімді кім, қайдан әкелді? Оны білу әзірге қиындық туғызып отыр. Өйткені, мұндай өнімде баспасы көрсетілмеген.
Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі еліміздің тұтқа ұстар азаматы. Оның бойына Отанына деген сүйіспеншілікті бүгіннен бастап дарытуымыз керек. Ал сол қорқынышты күнделіктер баланың санасына кері әсерін тигізбесе, тәрбие бермесі анық. Шолпан ҚАРАТАЕВА, «Дәуір» кітап баспасының бас директоры: – «Оқушының басты құжаты саналатын күнделіктің екі түрін басып шығарамыз. Сыртқы мұқабасы жұқа түрі бар. Мұның да сапасы жаман емес. Бағасы да қалта көтереді. Жалпы, біздің шығарған өнімдеріміздің барлығы да сапасы жоғары, бағасы қалта көтеретіндей. Ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұны үндесіп жатады. Мәселен, 1 – 4-сынып оқушыларына арналған күнделік мұқабасында «Алтын адам», 5 – 11-сыныпқа арналған күнделікте «Бәйтерек» бейнеленген. Күнделікті шығармас бұрын біз министрлікке хат жолдаймыз. Онда шығаратын өнім туралы толық көрсетіледі. Өнімнің сапасы, ішкі мазмұны тексеруден өткен соң ғана басып шығаруға рұқсат аламыз.» (интернет желісінен).
Мектеп медбикесімен кеңесуден кейін мынадай қорытынды жасадым: қағаз күнделік денсаулыққа зиянды емес; «ұстаз-оқушы-ата-ана» байланысын қалыптастырады; әр сабақта алған бағасын қойдыртып, жағымды эмоция алады, ынтасы артады. ЭК-ке қарағанда қағаз күнделік ешбір факторға тәуелді емес, әр уақытта қолжетімді. Қойылған әр баға мұғалімнің қолтаңбасымен бекітіліп, ұстазға деген сыйластық пен құрметке тәрбиелейді.
ЭК-тің зиянды жақтары: ең алдымен көзге үлкен зақым келтіреді. Оның мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушы интернетте жарты күн өткізеді; қарапайым араласу емес, үйде отырып араласу болады. Үнемі жалтақтап, телефон жоғалса, ноутбук сынса, интернет желісі ұстамаса жүйкесіне кері әсер етеді.
Мен өзімнің өткен сыныптардың күнделіктерді естелік ретінде сақтап жүрмін. Өзімнің бауырым, сіңіліме мақтанып көрсетемін.
Жалпы алғанда зерттеген ғылыми жобамның мақсаты: қағаз күнделік пен электрондық күнделіктің қатар жүру қажеттілігіне көз жеткізу. Тәрбиелік мәні зор қағаз күнделіктен алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.
Ұсыныс:
Мемлекет тарапынан интернет желісін қолжетімді ету
Мектептің әр кабинетіне компьютер мен интернеттің болуы
Әр оқушыға тек сабаққа және ЭК-ке қатысы бар планшеттер тегін тарату
Қағаз күнделікті қолдануды бастауыш сыныптарда қалдыру
ЭК-пен жұмыс істеуді оқушылар мен ата-аналарға ауқымды (масштабты) түрде үйрету, қажеттілігін түсіндіру
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Оқушы күнделігі қандай болу керек?» – Ұстаздар сайты HYPERLINK "file:///\\\\www.u-s.kz\\"\\www.u-s.kz\ мақала
«Менің күнделігім» -Білімпаз\\bilimpaz.kz\\мақала
Менің жеке күнделігім- HYPERLINK "file:///\\\\www.bookcity.kz\\\\мақала"\\www.bookcity.kz\\мақала
Қазақстандағы мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады. Бұл туралы HYPERLINK "https://kaz.tengrinews.kz/"Tengrinews.kz тілшісіне "Күнделік" ЖШС бас директоры Александр Григорян сұхбатынан
Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-аналар» үшін беретін мүмкіндіктер HYPERLINK "file:///\\\\https"\\https: kundelik.kz –қолдау порталы (аудармасы)
Қосымша № 1
Қазіргі заманғы күнделік үлгілері.
Отандық өнім

Шетелдік өнім


Қосымша № 2
2017 жылдың ақпан айының басында ЭК барлық қолданушылар үшін «ақылы болады» деген мағынада бейнетаспа (видео) интернет пен ватсап желісімен таратылды.
7 ақпан күні ЭК директоры А.И.Григорян төмендегідей мәлімдеме беріп, сұрақтарға жауап берді:
Уважаемые пользователи системы «Күнделік», уважаемые коллеги и друзья!
В последнее время некоторые СМИ распространили информационные материалы, целью которых было, возможно, опорочить деловую репутацию компании «Күнделік». Для нас крайне важно доверие наших пользователей и коллег, в этом мы видим основу развития нашей компании. В связи с этим мы решили прокомментировать распространяемую недостоверную информацию.
Ниже представлен официальный комментарий генерального директора ТОО «Күнделік (Kundelik)» Александра Григоряна:
«Сегодня системой электронных школьных журналов «Kүнделік» пользуются свыше 3800 школ Казахстана. Проект работает на территории 13 областей, а также в г. Астана и г. Алматы. К системе «Kүнделік» имеет возможность подключиться абсолютно бесплатно любая школа в стране, и городская, и сельская, при этом ученики всех этих школ и их родители получат возможность видеть свои оценки, домашние задания, расписания, новости школы и другую полезную информацию также совершенно бесплатно.
Портал работает с учебными учреждениями на основании приказа Министерства образования и науки Республики Казахстан №536 от 29.08.2016 г. («О пилотном внедрении проекта «Единая информационная система электронных журналов и дневников для учащихся образовательных организаций Республики Казахстан «Kүнделік»).
Пользователи интересуются:
Является ли Кунделик платным для родителей? Станет ли он платным в будущем?
За пользование сайтом Kundelik.kz абонентская плата не взимается и не будет взиматься. Ни 200 тенге, ни, тем более, 2100 тенге. Родителю предоставляется возможность всегда абсолютно бесплатно на сайте Kundelik.kz под своим логином и паролем получить доступ к электронному дневнику своего ребенка в разделе «Дети» - «Дневник», узнать оценки и домашнее задание. Со школ также не взимается никакая плата за использование сайта.
Финансируется ли проект из бюджетных средств?
В отличие от всех предыдущих проектов, проект Kundelik.kz не финансируется из бюджета. Таким образом, на разработку, поддержку и развитие системы Kundelik.kz не тратятся деньги налогоплательщиков.
Юридический адрес: Казахстан, г.Алматы, ул. Сатпаева, дом 35а, офис 44 Почтовый адрес: Казахстан, г.Алматы, ул. Тимирязева, 15Б, 4 эт., каб. 9 Телефон: 8 (727) 313-18-32 Email: [email protected] www.kundelik.kz

Как может существовать Кунделик, если за него не взимается плата с родителей и он не финансируется государством?
Никакой проект не может существовать без финансирования, поэтому предполагается, что в будущем будут появляться дополнительные необязательные услуги, которые могут быть платными. Это могут быть, например, образовательные приложения и контент. Обсуждаемая в СМИ дополнительная опция «Рейтинг ученика» является примером такой необязательной услуги. Каждый родитель вправе подключить ее по своему желанию - она позволяет родителю видеть обезличенное сравнение уровня успеваемости его ребенка по отношению к успеваемости остальных учеников класса по конкретному предмету. Эта опция не имеет никакого отношения к показу оценок ребенка в форме электронного дневника, который всегда доступен бесплатно в любое время.
Именно об этой необязательной опции говорилось в сюжете на одном из телеканалов. Уважаемые журналисты, вопреки деловой этике, исказили факты, не разобравшись либо специально пытаясь ввести в заблуждение пользователей, указывая, что электронный дневник – платный.
Правда ли, что данные плохо защищены и могут потеряться либо попасть не в те руки?
Сайт Kundelik.kz и все данные пользователей располагаются в закрытом защищённом датацентре на территории Республики Казахстан на информационно-вычислительных ресурсах, принадлежащих оператору государственных информационных систем АО «Национальные информационные технологии» и закрепленных за ГУ МОН РК. Данные пользователей находятся в прямом ведении ГУ МОН РК. Доступ в систему Kundelik.kz является закрытым, извне никакие данные не доступны.
Зачем внутри Kundelik.kz социальная сеть?
Социальная сеть Кунделик, благодаря которой пользователи могут общаться между собой внутри системы, является современным инструментом коммуникации. В данной социальной сети не может самостоятельно зарегистрироваться аноним, как в других социальных сетях. Каждого пользователя регистрирует школа. Таким образом, в сети Кунделик не могут появиться анонимные личности, угрожающие нашим детям, такой пользователь сразу же будет выявлен и заблокирован, а к нему будет применено Законодательство Республики Казахстан. Кроме того, каждый пользователь может выбрать такие настройки своего профиля, при котором его данные не будут показываться никому. Это делает Kundelik.kz наиболее безопасной образовательной средой для общения подростков.
Обязателен ли при регистрации ИИН?
ИИН пользователя не является обязательным полем для регистрации. Чтобы зарегистрироваться родителю, требуется сообщить ФИО, дату рождения и пол. Другие данные не обязательны и не требуются для регистрации. Регистрация родителей является желательной, так как помимо информации об успеваемости родитель сможет получать личные сообщения от преподавателей и администрации школы, которые могут не всегда предназначаться ученикам. Таким образом, выстраивается прямая онлайн коммуникация между родителями и педагогами. Также в будущем будут появляться информационные разделы, предназначенные для родителей, например, Родительский Совет и другие.
Юридический адрес: Казахстан, г.Алматы, ул. Сатпаева, дом 35а, офис 44 Почтовый адрес: Казахстан, г.Алматы, ул. Тимирязева, 15Б, 4 эт., каб. 9 Телефон: 8 (727) 313-18-32 Email: [email protected] www.kundelik.kz
Почему в проекте используются, в том числе, заимствованные технологии, а не разрабатывается программное обеспечение полностью с «нуля»?
Система Kundelik.kz вобрала в себе лучшие мировые практики и наработки в сфере образования, уже проверенные и апробированные. Лицензионные технологии, которые использует ТОО «Kүнделік (Kundelik)» в данном проекте, гарантируют стабильную и уверенную работу в системе всем школам и пользователям страны. Применение в работе современных технологических решений, которые уже доказали свою эффективность, позволяет не тратить на их разработку с «нуля» огромных средств, а, напротив, экономить бюджетные средства, направляя их на финансирование других приоритетных проектов, например, оснащение школ компьютерами и Интернетом. Почему до сих пор не отменена дублирующая бумажная отчетность? Ведь, выполняя двойную работу, учителя меньше внимания уделяют детям.
К сожалению, нельзя отменить в одночасье то, что формировалось десятилетиями. Не все преподаватели готовы к этому, не все одинаково быстро осваивают информационные технологии, также в различных школах различный уровень оснащенности компьютерной техникой и Интернетом. В связи с этим, переход на безбумажный документооборот будет происходить постепенно, но такая задача стоит. Юридическая основа, которая приравнивает электронный журнал к бумажному, уже создана, до конца текущего учебного года будет выпущен еще ряд нормативно-правовых актов, которые позволят школам при желании вести только электронную версию журнала.
Уважаемые коллеги и друзья, хочу поблагодарить Вас за терпение, также напоминаю Вам, что при возникновении любых сложностей касательно использования Kundelik.kz Вы можете обратиться в нашу Службу поддержки пользователей по адресу https://help.kundelik.kz/hc/ru, где мы с удовольствием ответим на интересующие Вас вопросы. Также, Вы всегда можете написать Ваши пожелания по усовершенствованию сайта на электронную почту [email protected]»
С уважением, Генеральный директор ТОО «Күнделік (Kundelik)»
Григорян А.И.

Приложенные файлы


Добавить комментарий