«Круглый стол на тему «: «Діни экстремизм — бейбітшілік пен т?ра?тылы??а т?нген ?ауіп»»


Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»
/10-11-сынып оқушыларымен /
Мақсаты: имандылық тәрбиесін беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; оқушылардың діни сауатын ашу;
Көрнекілігі: слайдтар, «Діннен адастырар теріс ағымдар» фильмі т.б.
Барысы:
Кіріспе сөзі:
Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған.
Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.
Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ. Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз. Яғни, бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
Міне, осындай мақсат бойынша 8-11-сынып оқушылары мен ата-аналар арасында өткізілгелі отырған дөңгелек үстелге қатынасып отырған қонағымызбен таныстырып өтелік:
Ауыл имамы
Мектеп директоры
Тарих пәнінің мұғалімі
Дінтану пәнінің мұғалімі
Мектеп психологі
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайына тоқталайық.
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
Мұсылман болу – ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.
- Ал сендер осы бес парыз туралы айтып өту үшін сөз кезегін ауылымыздың имамына сөз кезегі беріледі.
Мұсылманның бес парызы
Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық
- Осылардыңәрқайсысынажеке-жеке тоқталып, таратып айтсаңыз.
Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдер көруде. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен ұйымдар мен секталардың салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.
Діни сенім – имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.
Құранның бір аятында былай делінген:
...Аллаһ зұлымдық жасағандарды сүймейді. (ғимран сүресі, 140 аят) Олай болса, жалпы ел болып, осындай қауіптен, секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөлуіміз керек.
Осы діни экстремизм туралы
Біз Алланың құдіретімен қасиетті дінімізді, қастерлі салт-дәстүрімізді танып білетін, біліп қан қоймай соларды тіршілігімізге енгізетін заман туғанына мыңда бір тәуба дейміз. Ораза айт, Құрбан айт басқа ислам мерекелерін білмей келдік. Бұрын кеңестік дәуірдегі саясат, «дін - апиын» де
Имамға оқушылардың қояр сауалдары бар екен, ендігі сөзді оқушыларға берелік:
1. Мешітке біз сияқты жас балалар бара ма?
2. «Имам» атағын алу үшін оқып, диплом алдыңыз ба?
3. Отбасыңыздың мүшелері де ораза ұстап, намаз оқи ма? /т.б/
Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толтырылып, ел ертеңі жастарға жан-жақты, діни, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс- шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш.
Осыған қарамастан видеокөріністен көріп отырғанымыздай теріс ағымдарға көбіне ілесіп кетіп жатқандар - жастарымыз. Осы мақсатта қандай шаралар ұйымдастырылған жағдайда біз жастарымызды теріс діни ағымдардан сақтандыра аламыз
Жастайынан өзінің әрбір ісіне, сөзіне жауапкершілікпен қараған иманды адам өз айналасындағы адамдардан да осыны талап етеді. Адамзат тарихындағы ең ұлы адам, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осының дәлелі. Алла тағаланың қалауысолай.
Ендеше, Алла тағаланың тілегімізді қабыл ете көр деп Мұсылман болып кеп өмірге, Мұсылман боп кетсек дер едім. Ағайын, туыс-бауырлар, құдайдан осыны тілегін. Әрине, бала тәрбиесіне отбасының ықпалы зор.
Кездесуге келген ауылымыздың бас имамы зор алғысымызды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз.
Қорытынды сөз:
М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту – ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек.
«…Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай.
Осымен бүгінгі дөңгелек үстеліміз аяқталды. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыз

Приложенные файлы


Добавить комментарий