«Мектепке дейінгі ?йымдарда жа?а ?дістермен технологияларды е?гізудегі жа?а ?рдістер»


Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы,
«Болашақ» бөбекжай- бақшасы МКҚК, логопед- мұғалім
Асаинова Гүлмира Халелқызы
«Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа әдістермен технологияларды еңгізудегі жаңа үрдістер»
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазіргі заман талабына сай жаңа әдістермен технологияларды қолдану кеңірек таралып келеді. Жаңашыл технологияларды қолдану баланың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мол әсерін тигізеді. Дұрыс бағытта негізделген технологиялар педагогтың алға қойған мақсатының басты құралы болып табылады. Және балабақшадағы педагогтар мен балалардың арасындағы тығыз байланысты дамыта, бекіте түседі.
Жаңа әдістер мен технологияларды қолдану баланың ақыл-ойының, танымдылық, есте сақтау қабілетінің дамуына, өз ойын дәлелдеп айтып жеткізе білуіне де көмегін тигізеді.
Балабақша логопедінің жұмысында арт-терапия технологиясын қолдану өте тиімді де, пайдалы. Тіл кемістері бар балалармен жұмыс барысында арт-терапияны қолдану арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Арт-терапияны ең басты, негізгі әдіс ретінде немесе көмекші әдіс ретінде де қолдануға болады. Психологиялық- коррекциялық арт-терапия екі негізгі механизмге бағытталады.
Бірінші механизм-өзінің мүмкіншіліктерін қолдану арқылы ерекше түрде жағымсыз жағдаяттарды табу және оның оңай шешілуіне жол табу.
Екінші механизм- табиғи эстетикалық реакциялармен байланысты, шығармашылықпен айналысу арқылы баланың ішкі жан дүниесін түсіну.
Арт-терапияның мақсаттары:
Агрессиялық және басқа да жағымсыз факторлардан арылудың шешімін табу. Шығармашылықпен айналысу арқылы күйзелістен, жағымсыз эмоциялардан арылу.
Жұмыс түрлерін жеңілдету. Сөзбен айтып жеткізе алмай жүрген ойларын қағаз бетіне түсіру.
Бала мен логопед арасындағы тығыз байланысты бекіту.
Шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін арттыру.
Баланың қорқынышын, ұяңдығын сейілтіп, керісінше өзіне деген сенімділігін арттыру.
Арт-терапияның міндеттері:
Өзінің қабілеттілігін, сенімділігін арттыру:
Топпен жұмыс жасауға жұмылдыру;
Өз эмоциясын басқара білу;
Агрссиялық, қорқыныш сезімдерін азайту;
Шығармашылықтарын дамыту;
Өз жұмыстарын бағалай білу;
Балабақша қызметкерлерінің, логопедтің, ата-аналардың тіл кемістіктерін түзетуге бірлесе бағытталған жұмыс моделі:
Адамгершілік құндылықтар
Ұсақ моторика, жалпы моторика
Шығармашылық, жеке басының қалыптасуы


Бала, логопед

Педагог-жантанушы

Отбасы
Арт-терапия
Топ тәрбиешілері
Отбасымен тығыз байланыс
Музыкалық терапия, шығармашылық арқылы сөздік қорының молаюы.
Мұғалім-логопед арт-терапия технологиясын музыка терапиямен байланыстырса жұмысы едәуір жеңілдірек әрі қызықты болады. Бұл баланың шығармашылығының, қиялының дамуына, сөздік қорының молаюына әсер етеді, ең бастысы-коммуникативтік қабілеттері ашыла түседі. Баланың саусақ қимылдары-тілінің дамуымен тығыз байланысты және мидың тілмен байланысты орталықтарының өсіп-жетілуіне де көмегін тигізеді. Тіл кемістіктері бар балалар үшін арт-терапия –өзінің ішкі жан-дүнисіндегі күйзелісті, қорқынышты қағаз бетіне түсірудің бірден-бір құралы деп айтсақ та артық емес. Мүмкін жекелеген балалар үшін бұл бар әлемге өзінің кім екендігін білдірудің жалғыз мүмкіншілігі болуы да мүмкін.
Коррекциялық жұмыстың қорытындысы:
Арт-терапияны қолдану арқылы балаға көмек беру, тіл кемістіктерін түзету, жою, жеке тұлға қалыптасуына ықпал ету.

Приложенные файлы


Добавить комментарий