«Македония» та?ырыбында?ы саба? жоспары»


№ 36 мектеп-гимназиясы
Тақырыбы : Ежелгі Македония
Сыныбы : 6 « г »
Өткізген : Искакова С.А.
Атырау 2017 жыл
12.04.17
Сыныбы : 6 «г»
Пәні : ежелгі дүние тарихы
Тақырыбы : Ежелгі Македония
Мақсаты :
Білімділік : Ежелгі Македонияның табиғат жағдайы мен халқы,Македония патшаларының билігі,А.Македонскийдің Кіші Азияға жорығы және парсы патшасын жеңуі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : адамгершілікке,ұлтжандылыққа,елін –жерін қорғауға,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас
Пән аралық байланыс : география,қазақ әдебиеті
Cабақтың әдісі : топтық жұмыс,сұрақ-жауап,баяндау,әңгімелесу.
Көрнекілігі : дүние жүзінің саяси картасы,видео,слайд.
Сабақтың жүру барысы :
I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
« Миға шабуыл »
Сұрақ-жауап арқылы сұралып,оқушылар жасырынған әріптерді ашты.
Әріптерді ретімен қоя отырып,сөз құрастыру берілді.(оқушылар жаңа тақырыпты өздері аша түсті )
III. Жаңа сабақ жоспары :
1. Ежелгі Македонияның табиғат жағдайы,халқы
2. II Филиптің ішкі,сыртқы саясаты
3. А.Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы,парсы патшасын жеңуі.
Мұғалім сөзі : Ежелгі Македонияның табиғат жағдайы мен халқы туралы айтамыз.II Филиптің өмірі,ішкі-сыртқы саясаты,ел ішінде қолданған реформаларының жүзеге асуына тоқталамыз.Александр Македонскийдің саясаты,Кіші Азияны бағындыруы,парсы әскерімен күресі,Жерорта теңізі арқылы жаулап алған елдерін айтамыз.Александр шамшырағы « әлемнің жеті кереметі » қатарына кіретінін айта отырып,қазақ халқының жеті кереметімен байланыстырамыз.Бүгінгі сабақта
-« Мағынаны тану » кезеңі
-« Өткендер сыр шертеді » кезеңі
-« Естімеген елде көп » кезеңі
-« Ой елегінен өткіз » кезеңі
арқылы жаңа сабақты меңгереміз.Әр топқа тапсырма беріледі.
« Мағынаны тану » кезеңі
тапсырма :
I – Топ
1.Македонияның табиғат жағдайы және шаруашылығы туралы түсіндіріңдер...
II –Топ
1.Македонияның халқы,тілі туралы әңгімелеңдер...
( оқушылар дәптерлеріне орындайды )
« Өткен сыр шертеді » кезеңі
I –Топ
1.I I Филиптің ішкі,сыртқы саясаты
II –Топ
1.А.Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы,парсы патшасын жеңуі
(оқушылар плакатка топтастыру,тірек сызбалары арқылы орындайды)
« Естімеген елде көп » кезеңі
« Александр шамшырағы » әлемнің жеті кереметі
-оқулықтағы қосымша мәлімет « Александр шамшырағы »мәтінін оқып,биіктігі,құрылысы,қызметіне сипаттама берді.
-« әлемнің жеті кереметі » видео көрініс көрсетілді.
-үй тапсырмасына « әлемнің жеті кереметін » жазу тапсырылған еді.Жазып келген оқушылар жеті кереметті атап шықты.Осыған байланысты қазақ халқының « жеті кереметі » -де айтылып кетті.
IV.Бекіту
« Ой елегінен өткіз » кезеңі
Жылдар сөйлейді :
Б.з.б. 382-336 жж.-
Б.з.б. 356 ж.-
Б.з.б. 356-323 жж.-
Б.з.б. 332 ж.-
Б.з.б. 328 ж.-
Сөйлемді толықтыр ...
Б.з.б. 323 жылы Александр Македонский «_____________» атанды.
Александр патша Ніл өзенінің атырауына қаланың іргесін қалады.Бұл қала _____________ деп аталды.
_____________ гректер ықпалымен Македонияның қалаларын әсем және сәулетті етті,қалаларда театрлар салды.
II Филипп ғұлама ғалым _______________ өзінің 13 жасар баласы _____________ ұстаздыққа шақырған.
Александр ____________ өлеңдерін сүйіп оқып,көпшілігін жатқа білген.
Абай Құнанбайұлының « Ескендір » өлеңінен видео көрініс тамашалау.
V.Үйге тапсырма
Ежелгі Македония тақырыбын оқу. А.Македонский туралы қосымша материал жазу.
Абайдың « Ескендір » өлеңінен үзінді жаттау.
VI.Бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий