«Отбасылар к?ніне арнал?ан мерекелік кеш «Отбасым ма?танышым»


«Отбасым - мақтанышым»
Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Отбасы күніне арналған «Отбасым - мақтанышым» атты кешімізге қош келдіңіздер! Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаған отбасынан сіңеді
Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаны да,
Шыққан тегің ол негізің жаның да
Жүргізуші: Бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарылғаған Ақмарал апайымызға беріледі.
Келесі әділқазылар алқасын сайлап алайық
Ендігі кезекті Отбасы туралы өлеңдер сайысына берейік
5а сыныбынан-
5ә сыныбынан –
6а сыныбынан –
6ә сыныбынан –
7а сыныбынан –
7ә сыныбынан –Жүргізуші:Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп бой түзейді.
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем – демекші келесі Қалым Марстың орындауында Әке-Ана әнін қабыл алыңыздар
Келесі кезекті 2-бөлім Мақал –мәтелдердің жалғасын табуға берейік
Жүргізуші: Осымен халықаралық отбасы күніне арналған кешіміз аяқталды. Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс-дәулет, жақсылық пен шаттық болсын деп тілейміз!


Приложенные файлы


Добавить комментарий