«Маманды?ты? б?рі жа?сы,б?рі ма?ызды»


Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы,бәрі маңызды.
Мақсаты: әртүрлі мамандықтармен таныстыру;балалардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету;қызығушылықтарын арттыру,үлкендердің еңбегін бағалап, мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралдар: мамандық иелері туралы суреттер,құралдар,слайд,круги-лулия.
Сөздік жұмыс: мамандық,тігінші,дәрігер,шаштараз
Билингвальды компонент: аспаз – повар, дәмді – вкусный,мамандық-профессия,дәрігер-врач,тігінші-портниха,шаштараз-парикмахер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балалар қараңдаршы бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіпті.
Амандасайық.Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар.
Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер? Дұрыс айтасыңдар.
Міне,тағы да таң атып күн шықты.Олай болса бүгінгі кезекті сабағымызды шаттық шеңберден бастайық.
Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Осы кезде есік қағылып, топқа қоян кіреді.
-Сәлеметсизбе Қоян сізге не болды?
Қоян:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қонаққа асығып келе жатып жолда қатты құлап аяғымды ауыртып алдым.
-Балалар,қоянға қалай көмектесеміз?
-Қоянды кім емдеп жазады?
Олай болса балалар тездетіп жедел жәрдем көмегіне қоңырау шалайық.
-Балалар жедел жәрдем көмегінің номері қандай?
Телефоннан 103 номерін тереміз.
Балалар біздің ортамызға дәрігер келді қоянды қарасын.
Дереу дәрігер келіп қояннын аяғын қарап кішкене жарақатын танып,орап береді.
Дәрігерге рахмет айтып шығарып саламыз.
Қоян- дәрігердің кеңесін міндетті түрде
Тыңдау керек.Сен енді отырып аздап демалып ал.
Қоян: балалар қазір сендерде қандай сабақ болып жатыр сендерге кедергі жасамаймынба?
Жоқ қоян кедергі болмайсын,бізбен бірге қал,білмегеніңді балалардан үйрен.
-Балалар қараңдаршы қоян аяғын ауыртып алып ауырсынып отыр,қоянның көңіл-күйін жақсарту үшін қане,бір-бірімізге жұмбақ жасырайық.
-Балалар менде мұнда жұмбақтар бар.Кімге оқытсам екен? Қане Амир шығып бізге оқып бере ғой.
1. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам.Ол кім?
Келеси жұмбақты Әлия оқып берсін
2. Алып жатқан жан-жақты,
Үйлерді кім тұрғызды.
Бізде соңғы бір жұмбақ қалыпты оны бізге Милана оқып берсін
3. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын.
Балалар амандасады.
-таңертең келеміз
Балалар шеңберге тұрады
Дәрігер
-103
Сау болыңыз.
-жоқ
-полиция(май қызметкері)
-құрылысшы
-шаштараз
-Жарайсыңдар балалар жұмбақты өте жақсы шештіңдер.
-Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер?
Бұл сөздер нені білдіреді?
-Әрине мамандықтар туралы.Себебі біздің бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.
-Біздің балалар көптеген мамандық иелерін және олардың жұмыс орындары жайлы айтып береді.
Слайд-
Барлығымыз мамандық иелері көрсетілген суретке назар аударайық.
Енді балалар шеңберге тұрайық,бойымызды жазайық.
Сергіту сәті
Ойын «Дұрыс,бұрыс»
-Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.
-Ал,балалар енді мен сендердің мамандық иелері туралы түсініктеріңді байқағым келеді.Дұрыс болса иә деп қол көтереді,бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жатыр
Дәрігер адамдарды емдейді
Дәрігер етік тігіп отыр
Мұғалім балаларды емдейді
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Қоян: балалар осы мамандық иелерінің құрал-саймандары қандай еді шатасып кеттім,көрсетесіңдерме?
Круги-лулия көмегімен көрсетіп береміз.
Круги-лулия «Кімге не керек?»
-Әртүрлі мамандық иелеріне қандай құрал қажет, жапсырмалар орнын тауып жабыстырады.
Қоян- балалар сендерге көп-көп рахмет!
Бүгін сендерге қонаққа келгеніме өте қуаныштымын,маған дәрігер шақырып көмек көрсеттіңдер.Аяғымның ауырғаны да басылған сияқты. Сендерден көп нәрсені үйрендім,рахмет!
Сау болыңдар балалар.
Балалар болашақта кім болғыларың келеді
Сол мамандықты алып әңгімелеп беріңдер
-Өте жақсы балалар,осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып,көп нәрсені үйрену керек.
- Өз ата-аналарың қандай жұмыс жасайды? Қандай мамандық иесі? Білесіңдер ме? Құрылысшы,милиционер, шаштараз.
-мамандықтар
- Дәрігер, мұғалім, тігінші,жүргізуші, құрылысшы, аспазшы
Балалар әңгімелеп,сөйлейді
-көрсетеміз
- Мен өскенде дәрігер боламын. Ауырған кісілерге көмектесемін, емдеп-жазамын.
Менің анам – сатушы. Менің әкем – жүргізуші. Менің әкем – мұғалім. Әр бала өз ата-анасының мамандығын айтады.
Рефлексиялық- түзетушілік -Бүгін балалар қандай тақырыпта әңгімелестік?
-қандай мамандық иелерін білдіңдер ?
- Балалар, бүгінгі сабақта кімнің әкесі, анасы, апасы қайда жұмыс істейтінін білдік. Жарайсыңдар балалар, барлықтарың бүгін белсенді болдыңдар! Балаларды жеке жеке мадақтау. Сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,рахмет.
Болашақта кім болсаңдар да ала жіпті аттамайтын адал да, әділетті маман иесі болыңдар. Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Әр түрлі мамандық иелері туралы білімдерін толықтырады. Өз ата-аналарының мамандықтары туралы айтып беруді, шығармашылық әңгіме құрауды.Мамандық тандауға қызығушылықтары туындайды.
Түсінеді: әр алуан мамандықтар бар екенін, бәрі де қажет екенін.
Қолданады: әр мамандық иесіне қажетті затты тауып, орнына қоюды.


Приложенные файлы


Добавить комментарий