«?ыс?а мерзімді саба? жоспар » Шартты ба?ыны??ы саба?тас ??рмалас с?йлем «(8-сынып)»


қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы : Шарты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
(2-сабақ. Пысықтау сабағы)
Мақсаты Табыс критерийлері
Оқушылар шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем туралы алған теориялық білімдерін практикада қолданып, ауызша, жазбаша талдауды,
ой қорытып, нақты шешім жасауды,грамматикалық  сауаттылықты дамытуды және топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуді,
ғылымға ден қоюды үйренеді; Оқушылар шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем туралы алған теориялық білімдерін практикада қолданады;
ауызша, жазбаша талдауды біледі;
ой қорытып, нақты шешім жасауға дағдыланады;
грамматикалық  сауаттылықты дамыту қажеттігін түсінеді; топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білудің маңызын ұғынады; ғылымға ден қояды
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық құрастыру жұмысы, КУБИЗМ әдісі, бейнежазба бойынша ойтолғау әдісі
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут Өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды парақшалармен топқа бөледі:
1-топ « Жеңіс»
2-топ «Абай»
3-топ «Нұрлы жол»
4-топ «Бес арыс» Оқушылар парақшалар тапсырмалары бойынша топтарға орналасады. Ондағы жазбалар: Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, 1945,9мамыр, М.Мәметова, Сабырсыз, арсыз, еріншек, Ескендір, Өлең – сөздің патшасы, Ғылым таппай мақтанба, 45 қара сөз, Елбасы, ЭКСПО-2017, НұрОтан, ЖасОтан – жастар қанаты, Мәңгілік ел, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов.
Үй тапсырмасын сұрау
7 минут Шартты бағыныңқы сабақтас, 126-жаттығу бойынша 6 оқушыдан 6 сөйлемдегі етістіктің жасалу жолын сұрайды. 126-жаттығу бойынша 6 оқушы сөйлемдегі етістіктің жасалу жолын айтады.
Жаңа сабаққа ену. Бейнежазба арқылы миға шабуыл
4 минут
Бейнежазбаны көрсетеді, сұрақ қояды(слайд )
Бейнежазба бойынша негізгі тақырыпты анықтаңыз.
Қалай ойлайсыздар, бейнежазбадағы негізгі мәселенің қаншалықты маңызы бар?
Ұстаз алдын көрмейінше, білім жолына түсу мүмкін емес. слайд
(Бұл бейнежазбаны осы сөйлеммен қорытады)
-Ендеше бүгінгі сабағымыз шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді пысықтауға арналады, 2-сабағымызды бастаймыз! Оқушылар көреді,
ой қорытады,
сұрақ төңірегінде ойларын ортаға салады.
Слайдтағы сөйлемді оқып, шартты бағ саб екенін айтады
Күннің жадын, сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.
Адасқан сөздер
2 минут Мақал-мәтелдер бойынша қиылған сөздерді таратады:
1.Қына тасқа бітсе,
Білім басқа бітеді
2.Еңбек етсең, ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3.Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.
4.Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.
Мақал-мәтелдер бойынша қиылған сөздерді параққа желімдеп құрастырады, жасалу жолын айтады.
Кубизм
6 минут Кубиктегі сөздер:
Егер мен президент болсам...
Егер мен мұғалім болсам,..
Егер мен әкім болсам...
Егер мен дәрігер болсам...
Егер мен директор болсам...
Егер мен әнші болсам...
бойынша эссе жазуға тапсырма береді, шартты б.с. қатыстыру керектігін ескертеді . Кубикті топтан бір оқушы лақтырып, ондағы тақырыпқа сәйкес топ эссе жазады, \топтан бір оқушы оқиды, шартты б.с. сөйлемдерін айтады.
Оқулықпен жұмыс
5 минут 128-жаттығуды ұсынады, салаластарды шартты б.с-қа айналдыру тапсырмасын береді Салаластарды сабақтасқа айналдырады, жасалу жолын түсіндіреді.
Бекіту үшін шартты бағ.саб-ң моделін шығару және тест 1,2-топқа постер құралдарын таратады, шартты бағ.саб моделін құруға тапсырма береді
Модел құрастырады 1,2-топ
Тестке жауап береді 3,4-топ
Үйге тапсырма беру: шығармашылық жұмыс: Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан шартты бағыныңқы сабақтастарға 10 мысал келтіру Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан шартты бағыныңқы сабақтастарға 10 мысал келтіруді үй тапсырмасына ұсынады Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Стикерлерді санайды, бағалау кестесі бойынша бағалайды:
1-2- «3»
3-5- «4»
6-дан жоғары «5» Өзін-өзі бағалайды

Приложенные файлы


Добавить комментарий