«Мені? Отаным — ?аза?стан» атты сынып са?аты. 1 сынып.»


Касимова Р.Б.
Бастауыш сынып мұғалімі
Бидайық орта мектебі
Уәлиханов ауданы
СҚО
тақырыбы: Менің Отаным - ҚазақстанМақсаты: Отан туралы білімдерін кеңейту; Отансүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Бағдарлау - мотивациялық кезең
Геометриялық фигураларды тарату. Не құрастыруға болады?
Үй макетін құрастыру
Өз отбасы туралы әңгімелеу.
2. Үйлерді тақтадағы бетке орналастыру. Ауыл ұғымын таныту.
- біз тұратын ауылдың аты?
- қайсың осында тудыңдар?
- Ендеше туған жерімізді не дейміз? Отан ұғымын таныту.
3. Сөздік жұмыс: Отан – туған жер, туған ел, атамекен
ІІ. Жаңа тақырып.
- Ендеше «Менің Отаным - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?1. Өткен күн.Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Слайд № 1
Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді.
Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. СЛАЙД № 2
Ал алдағы күндері тәуелсіздігімізге қанша жыл? СЛАЙД № 3
Осы 25 жыл ішінде еліміз дамып, аты бүкіл әлемге әйгілі болды. Біздің ауылымызда да біз үшін жаңа мектеп ашылды, балалар сапалы білім алу үшін заманауи оқу құралдары берілді, дәл осы күні ауылымызда мәдени орталығы ашылуда. Алдағы 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесі ұйымдастырылуда.
Осының бәрі – Н. Ә. Назарбаев басқарған ҚР жетістіктері.
СЛАЙД № 4

Қазақстан тәуелсіз ел болғанымен, басқа елдермен достық қарым-қатынаста.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Слайд № 5 Ресей Түрікменстан Өзбекстан Қырғызстан Қытай
3. Егеменді мемлекеттің басты белгілері– Рәміздер, Ата Заң, мемлекеттік тіл, ұлттық валюта. СЛАЙД № 6,7
4. Қазақстан жері қандай? Карта
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9 орында тұр.
5. Бейнефильм «Қазақстан»
Қазақстан жері мөлдір көлдерге бай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай. Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.  Қазақ халқы қонақжай халық, дәстүрлерге бай. Ақын – жазушыларымыз:    Неткен сұлу, неткен көркем,   Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.  
ІІІ. Пысықтау.
«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақМенің ұлтым... /қазақ/2. Білесің бе, ботам,
Туған жерің - .../Отан, Қазақстан/
Биіктеуде жас қала,Бас қаламыз... /Астана/
Кең байтақ біздің жеріміз.
Аман болсын ... /еліміз!/

ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен3. Астанасы – Алматы4. Қазақстанда тек қазақтар тұрады5. Мемлекеттік тіл – орыс тілі6. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері7. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде 5 орында тұр.
ІҮ. Қорытынды:
Дидактикалық ойын «Туған жерім, саған тілеймін...»
Ал қазір, балалар, тәуелсіздігіміздің 25-жыл қарсанында елімізге деген тілектеріңді айтып берсеңдер!
— Туған жерім, саған … тілеймін
Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып, өз ойларын білдіріп, үйлер арасына гүлдерді орналастырады.

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 
 


Приложенные файлы


Добавить комментарий