«Презентация по химии на тему»К?шті ж?не ?лсіз электролиттер. Электролиттік диссоциациялану д?режесі.» 9 класс»


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Күшті және әлсіз электролиттер. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.9 сынып“№19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемекеттік мекемесі.Битабарова Хадиша Исабековна химия пәнінің мұғалімі Сабақтың мақсаты:Электролиттік диссоциацияның шамасы туралы түсінік қалыптастыру; күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру. Күтілетін нәтижеОқушылар тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін еркін пайдаланады, түсінеді және тапсырмаларды қатесіз орындайды.Тақырыптың мазмұнын топпен талқылау арқылы ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыланады 7 модульдің қолданылуыАКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.Қолданылатын әдіс-тәсілдерМиға шабуыл,Салыстыру кестесі, Жигсо,Эссе, Интерактивті тақтадағы сұрақтар Қолданылатын ресурстарФлипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ҮйтапсырмасыІ-тапсырма.Сұрақ-жауаптар.1. Мына заттардың қайсысы-қышқылдар, сілтілер, тұздар диссоциацияланғанда:а) катион ретінде тек сутек иондарын (оксонийді Н3О)ә) анион ретінде тек гмдроксид-иондарын түзеді?2. мына заттардың: а) алюминий нитраты, б) алюминий сульфаты,в) натрий фторидінің судағы ерітінділерінде қандай иондар бар?3. Мына теңдеулерде сызбанұсқа түрінде көрсетілген процестерді қалай жүзеге асыруға болады?1) НСІ ⇄ Н+ + СІ- 4) Н2SO4→ 2Н++2) Сu + СІ2→ СuСІ25) Н+ + ОН-→ Н2О3) Сu2+ + 2ОН- → Сu(ОН)2?6) Mg(OН)2→ Mg2++ОН-? ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмысы.І-деңгей1.Мына сұйықтардың: а) спирт, б) ас түзының судағы ерітіндісі, в) дистильденген су, г) қанттың судағы ерітіндісінің қайсысында электр өткізгіштік көбірек білінеді? ІІ-деңгей1. Төменде келтірілген сұйықтардың: а) 100 проценттік күкірт қышқылы; б) азот қышқылының судағы ерітіндісі; в) азоттың судағы ерітіндісі; г) натрий гидросульфатының судағы ерітіндісінің қайсысында электр тогын өткізу көбірек білінеді?2.Фторсутектің электр өткізгіштігі өте аз, ал оның судағы ерітіндісі ток өткізеді. Мұны қалай түсінуге болады? ІІІ-деңгей1. Сусыз күкірт қышқылын темір ыдысқа құйып сақтауға да болады. Ал тұз қышқылын болаттан жасалған ыдыста сақтамай, шыныдан немесе қыштан жасалған ыдысқа құйып сақтайтын себебі не?2. Хлорсутектің бензолдағы ерітіндісі электр тогын өткізбейді және мырышқа әсер етпейді. Мұны қалай түсінуге болады? ІV-деңгей1.Мына заттардың: а) калий нитраты; б) кальций хлориді; в) натрий сульфатының судағы ерітінділерінде қандай иондар бар?2. Мына символдармен көрсетілген бөлшектер: а) СІ-, СІ, С12; б) SO3, SO3-2; в) Nа, Nа+; г) S, S-2, S8қалай деп аталады және бұлардың бір -бірінен қандай айырмашылықтары бар? ІІІ-тапсырма. Тест тапсырмалар. (4-сұрақ)1. Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен металл иондары түзілетін заттардың аты:A) негізгі тұздар. B) сілтілер. C) қышқылдар. D) орта тұздар. E) қышқыл тұздар.2. Ерітіндіде бір мезгілде бола алатын иондарды көрсетіңіз:A) Н+ және ОН-.B) Ag+ және Cl-.C) Ba2+ және SO42-.D) Ca2+ және CO32-. E) Ba2+ және 2NО3-.3. Диссоциация кезінде хлорид-ион түзетін зат:A) KClO3.B) KCl.C) KClO. D) HClO. E) HClO4.4. Судағы ерітіндісінде бір-бірімен әрекеттесе алмайтын заттар:A) мыс (ІІ) хлориді + калий гидроксиді .B) мыс (ІІ) хлориді + натрий сульфиді .C) калий хлориді + натрий нитраты .D) калий хлориді + күміс нитраты . E) күкірт қышқылы + барий хлориді . Жаңа сабақты түсіндіру Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген молекулалар саны Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді:α > 30% - күшті; 3% < α < 30% - орташа күшті; α < 3% - әлсіз. Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02, т. б.Диссоциациялану дәрежесіне заттың және еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы, температура әсер етеді.c1=c•α•n Мұндағы:c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы; с - заттың молярлы концентрациясы; α - диссоциациялану дөрежесі; n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны. Күшті және әлсіз электролиттерЭлектролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама -иссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — диссоциацияланган молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттің диссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер 3 топқа жіктеледі. Күшті электролиттер, олардың диссоциациялану дөрежелері 30%-тен жоғары болады. Мысалы: HN03 91%, NaCl 84%, HC1 92%, КОН жәнө NaOH 84% болады. Күшті электролиттердің молекулалары сүйылтылған ерітіндіде иондарға толығымен ыдырайды. Орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3% пен 30% аралығында болады. Мысалы: Н3Р04 26%, HN02 6,5%, т.с.с. Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке кышкылы) 1,3%, NH4OH (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2С03 (көмір қышқылы) 0,171'/о, H2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с. Бақылау сұрақтары1. Электролиттік диссоциация теориясы. 2. Күшті және әлсіз электролиттер. 3. Электролиттік диссоциациялану константасы 4. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі 5. Күшті электролит ерітінділеріннің әлсіз электролит ерітінділерінен айырмашылығы. Активтілік. 6.Төмендегі заттардың электролиттік диссоциация теңдеулерін жазыңыз. АІСІ3, Cu(NO3)2, Са(ОН)2, Н3РО4, Н2SO3 , NаОНҚай жағдайда диссоциация сатылап жүреді? Сәйкестікті табыңдар.Реттік санмен берілген анықтамалар, әріппен белгіленген түсініктердің қайсысына жатады? Жұпта.1. Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын химиялық қосылыстар;2. Суда ерігенде иондарға толық ыдырамай, жарым-жартылай ыдырайтын химиялық қосылыстар;3. Диссоциацияланған молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы.А. Әлсіз электролиттерВ. Диссоциациялану дәрежесі.С. Күшті электорлиттер Есеп шығару.1. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан: а) 70;ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?
Жұмбақ.Электролиттің әлсізі бар, күштісі барБәріде оның иондарға диссоциацияланарМағынасын олардың түсініп алБір-бірінен қалайша олар айырылар?
Тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Приложенные файлы


Добавить комментарий