кіріктірілген саба? математика ж?не ?аза? тілі 7 сынып


5355590-34290152403810 Каппасова Сандугаш Елтаевна.
Директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары,
жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі
Аушахманова Гульзайра Ельтаевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Функция тақырыбын бекіту.
«Наурыз мерекесі математика сабағында» кіріктірілген дәстүрлі емес сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Функция тақырыбын қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Функция тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау арқылы алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру, математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Тез ойлауға дағдыландыру, қарым –қатынасын күшейтуге үйрету.
Тәрбиелік : Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге, ұлттық салт дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Бекіту сабағы.
Оқыту формалары: жеке, топтық.
Жабдықтау: презентация «Функция» , таратпа карточкалар, интерактивтік тақта, Advanced Grapher бағдарламасы, компьютер.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын тексеру;
ә) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.
2. Қайталау.
Жарапазан.
Қазақ әдебиетінің мұғалімі Касымова Қ.Е. бүгін біздің сабағымыздың қонағы, сіздерге жарапазан туралы айтып береді.
Ауызша қайталау. Математика пәні бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Функция дегеніміз не?
Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?
F(2)=6 жазуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.
Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не?
Сызықтық функцияның графигі қандай сызық?
Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы туралы не айта аласыңдар?
Ауылдың алты ауызы. Қазақ әдебиетінің мұғалімі Касымова Қ.Е. сіздерге мағлұмат береді.
3.Ауызша есептер. Функция тақырыбы бойынша ауызша есептер.Әр оқушы сұраққа жауап беру үшін, берілген суреттерді таңдайды.
Мына суреттегі графиктердің қайсысы сызықтық функцияның графигі?

Функция y = 2x + 1 мәнімен берілген. X = 2; 0 мәніне сәйкес у-тің мәнін тап.
Y= -1; 3 мәндеріне сәйкес х-тің мәнін тап
F(x)=kx функциясынан k-ны табыңдар:f(2)=3
Функцияның анықталу аймағын тап: у = 2x+3/ х(x+1)
Функциялардың графиктері қалай орналасқан?
y=2x+3 пен y=2x-2
y=2x+2 пен y=4x-1
y=5x-1пенy=5x+2
y=3x+1 пен y=-3x+1
Сызықтық функциялардың графиктері параллель болып орналасатын санды қойып жазыңдар
у=3x+2 y=*x-4
y=*x-7 y=x+3
Көкпар жайлы , қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі сөз алады.
4. «Көкпар» ойыны. Топтық жұмыс. Оқушыларға есептер жазылған жеке тапсырмалар таратылады. Сынып екі топқа бөлінеді. Әрбір шығарылған есеп үшін топ «қазанына» «серкелер» салынады. Ойын соңында қазанға көп «серке» жинаған топ жеңіске жетеді.

5. «Аламан бәйге» ойыны. Жеке жұмыс. Берілген тапсырмаларды, бірінші , екінші үшінші болып орындағандар -жеңімпаз атанады.
y=0,5х-4 функциясы берілген.
а) x=6; -6, y=?
2. Сызықтық функция f(x)=1,8х-u формуласымен берілген
Егер f(3)=8,2 болса, u-ң мәнін тап.
3. у=kx-4 функциясының графигі болатын түзу А(-3;2) нүктесі арқылы
өтеді. k-ң мәнін тап.
4. k –ң қандай мәнінде у=kx+7 функциясының графигі A нүктесі арқылы өтеді? A(1;9) A(-2;1) A(2;8)
5. в –ның қандай мәнінде у=5x+в функциясының графигі Е нүктесі арқылыөтеді?
Е(-1;-2) Е(2;6) Е(-2;3)
6. Функциялардың графиктерінің қиылысу нүктесінің координатасын тап. y=3х+4 y=4х+3
7. Графигі А(5;4) нүктесі арқылы өтетін және l=2 болатын функцияның
формуласын жаз.
6.Ойын-сауық отауын құру. Advanced Grapher бағдарламасымен функция графиктерін салу. Жеке жұмыстар.
ОЙЫН – САУЫҚ ОТАУЫ. Функция графиктерін салу .

Графиктері керегенің
суреттерін беретіндей Графиктері уықтардың Графиктері шаңырақтың
функциялар жиынын жа суреттерін беретіндей кермелерін беретіндей
функциялар жиынын жаз. Функциялар жиынын жаз.

«Наурыз көже» құрамын анықтау.Оқушыларға тақтада жеті есеп ұсынылады. Есептер дұрыс шығарылса, астынан наурыз көженің құрамына енетін тағамдар аттары шығады.

.

Сабақты аяқтау.
а) Сабақты қорытындылап, оқушылардың, сыныптың жұмысына баға беру.
ә) Үйге тапсырма: № 1423-1425 есептер.

Приложенные файлы

  • docx kappasova-s-e
    Размер файла: 990 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий