Геометрия 7 сынып Бізді ?орша?ан геометрия


Геометрия 7 сынып
Сабақтың тақырыбы : Бізді қоршаған геометрия
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған білім кеңістігін құру
Сабақтың міндеттері:
Геометрия пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолданып, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ізденгіштік белсенділігін дамыту;
Жоба қорғау мағынасын, қажеттілігін түсіндіру;
Тәжірибеде жобамен жұмыс жасауды үйрету;
Жоба нәтижесін қорғату.
Сабақтың түрі : Жоба қорғау сабағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Біз биыл математика пәнінің бір саласы «Геометрия» пәнін оқуды бастадық. Осы уақыт аралығында пәннің міндетін түсініп қана қоймай, негізгі фигуралармен танысып, олардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдайтын біршама аксиомалар мен теоремалар қарастырып, оларды есептер шешуде, дәлелдеулерде қолдандық.
Математикалық білім-дағдыларын күнделікті өмірде қолдану, айналамызда туындайтын математика көмегімен шешімін табатын жолын анықтай білу , осы мәселелерді математика тілінде қарастыра, математикалық әдістер арқылы шешімін таба білу, алынған нәтижелерді қойылған мәселенің шешімі бола алатындығын дәлелдей алу - осының барлығы сіздердің бойыңыздан табылатын болса, онда сиз математикалық сауатты болдыңыз.
Ендеше бүгінгі сабақта сіздердің математикалық сауаттылықтарыңызды бағалау мақсатында жоба жұмыстарыңыздың нәтижесін қараймыз.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, кәне ой жарыстырып көрелік.
Жоба қорғау сайысы

Нұрай, Наргиз, Саида “Өнер саласындағы геометрия”
Мақсаты : Геометрияның өнермен және архитектурамен байланысын көрсету.
Математика өмір тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда ана тілі қалай қолданылса, математика тілі де сондай қажет, ол табиғаттың тікелей тілі, оны сүйіп, оқып үйреніңіздер. Сырын ашыңыздар. Сыйлығыңыз алдыңызда күтіп тұр!




2. Аслан, Бекжан “Өмірдегі параллель түзулер”
Мақсаты: Күнделікті өмірдегі параллельдің маңыздылығын табу және оны дәлелдеу.


Бүгін біз параллель түзулердің маңыздылығын дәлелдеп, сондықтан параллель түзулер біздің өмірде үлкен рөл атқарып жатқандығы туралы айта аламыз.

3.Айжан, Сымбат “Қарама-қайшы геометрия”
Мақсаты: Әр замандағы математиктердің геометрия саласы бойынша қарама –қайшы тұжырымдарын қарастыру
Жер — өмірдің бесігі. Еңбек — ердің несібі. Еңбек еткен — Мұратқа жеткен.


4. Әлкей, Аружан, Аружан, Аружан “Алтын сақина”
Мақсаты : Алтын қатынастың өмірде ұтымды қолданысын анықтау
Алтын қатынас. Бұл не?
Алтын қатынас қандай мағынаны береді?
Алтын қатынасты неге «ТӘҢІРЛІК ПРОПОРЦИЯ» деп атайды?
Алтын қатынас қайда қолданылады?
Алтын қатынасты күнделікті өмірде қайда кездестіруге болады?




«Геометрияде екі қазына бар:
Біріншісі – Пифагор теоремасы,
екіншісі – алтын қатынас.
Біріншісін - алтынмен салыстыруға болады,
ал екішісін - гауһар таспен»
Немiс астрономы, математигі Иоганн Кеплер
Жоба жұмысын бағалау
Жұмыстарыңыздың нәтижесін бағалау кезеңін тыңдарман қауымына және де сыншы көздерге береміз.

Жоба мұмысын бағалау критерийлері:
№ Кезеңдері ұпайлар
5 4 3 2 1
1 Презентация мазмұны Жұмыстың мақсаты Жобаның мағынасын ашуы қорытынды 2 Презентацияны көркемделуі Түсінің үйлесуі Мәтінінің оқылуы Иллюстрациялардың сапасы 3 Жұмысты қорғау кезеңі Жұмыс мазмұнының толық ашылуы Өзін-өзі ұстауы, нақты , түсінікті ақпаратты ұсынуы, даусының ырғағы 4 Қосымша Рефлексия
Бүгінгі жұмысымызды жалпылай қорытындылап, ой түйіндейік. Сіздердің алдарыңызға төмендегідей сұрақтар беріледі. Ой-пікірлеріңізбен бөлісейік.



Сізге жоба жұмысымен айналысу барысында қай кезең көбірек ұнады?
Презентация дайындау
Материалдар іздеу
Жобаны қорғау
Барлығы
Сізге жоба жұмысымен айналысу қандай мүмкіндіктер береді?
Жаңа білімдер алу мүмкіндігі
Қандай да бір қызықты туындылар анықтау
Топпен, серіктестікпен жұмыс жасап үйренуге
Өз бетімен зерттеуге, өздігінен білім алуға және оның нәтижесін көрсете алуға үйренуге
Құрдастарымызға көмек бере алуға
Өзіңнің ой-пікіріңді шығармашылықпен қолдана алуға
Өзіңді бағалап үйренуге мүмкіндік береді
Жалпы жоба жұмысы туралы пікіріңіз
4142740106045Жобамен айналысу қызықты болды
Жобамен жұмыс жасай білу қажет
Жобамен жұмыс түсініксіз
Жобамен айналысу, қорғау қиын
Жобамен айналысу қызық
Жобамен жұмыс жасауды үйрену қажет
Жобамен айналысу , қорғау қиын
Жалпы жоба жұмысымен айналысу туралы түсінге сияқтымыз

деген нақыл сөз бар. Ендеше осымен тоқтап қалмайық, алдағы үй тапсырмасына төмендегідей жоба жұмыстарының тақырыптары ұсынылады.
Үй тапсырмасы
Жоба жұмысына болжама тақырыптар:1. « Үшбұрыш сырлары»2. Геометриядағы үш алып /үшбұрыштардың теңдік белгілері/3. М. К. Эшер паркеті4. Пенроуз үшбұрышы5. Шынайы өмірдегі мүмкін емес фигуралар6. Геометриялық парадокс
Барлығыңызға бүгінгі сабақ үшін алғысымды айта отырып, Абайдың мына сөзімен сабақты аяқтайын.
«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды, естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды деген, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»
Ізденейік. Шыңдалайық. Шебер болайық.

№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Математика апталығы
Ашық сабақ
/жоба қорғау сабағы/
Тақырыбы: «Бізді қоршаған геометрия»
7 «ә» сыныбы. Геометрия

Пән мұғалімі Кулумбетова Гульбарам Аркабаевна
Астана 2017

Приложенные файлы


Добавить комментарий