?аза?ымны? ?азынасы -домбыра туралы ашы? саба?


Қазағымның қазынасы-домбыра туралы ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазағымның қазынасы-домбыра
слайд № 1Домбыра суреті және аты
Сабақтың мақсаты: Ұлттық аспап домбыра туралы мағлұмат беру.1. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы аңыздарға тоқталу.2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.3. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: Ансамбльде бірігіп ойнау.
Көкемділігі: Домбыра, фортепиано.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
слайд № 2 Ұлттық Аспаптар
Домбырадан басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіндер?
Ұлттық аспаптарды атау, домбыра, дауылпаз, жетіген, буғымақ, сазсырнай, қобыз т.б.Ұлттық аспапты қандай жағдайда пайдаланған?
Ұлттық аспаптарды әр түрлі жағдайда пайдаланған. Белгі беру, аң аулау, билеу,бұғышақыру, жан келгенін білдірту т.б.Екі ішектің бірін қатты,Бірін сәл-сәл кем бұра.Нағыз қазақ, қазақ емес,Нағыз қазақ-домбыра деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап-домбырамен танысамыз.
слайд №3 Домбыра суреттері
Сабақтың барысы: Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Домбыра – жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызыметін тең атқарған аспап. Домбыра ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп. Сол аңыздардың бірі. Дембира деген қыз атынан шыққан деп айтады. Себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған, домбыра кейін аспаптық – шығарма күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра атауының шығуы жайлы таластар көп. Кейбіреулер айтады ешкінің ішегі талға ілініп қалып, кепкенен кейін үн естілген, содан кейін ағашың өнерге деген бір жақындығын білген. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптарды тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашылар. Қандай күйшілерді білесіңдер? Күйшілер Күйлерін тыңдау.
слайд № 4 муз қою Адай, Сарыарқа ,Қосбасар, Саржайлау, Заман-ай, Қосалқа
слайд № 5 Құрманғазы суреті
Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы Атырау облысында дүниеге келді.
Оның күйлері халыққа өте көп тараған. Бір айта кететін нәрсе – Құрманғазының алған тақырыптары ішінде би күйлері өз алдына бір төбе болып жатыр. «Сарыарқа», «Балбырауын», «Қызыл қайың серпер», «Ақ желең» т.б күйлері баршылық. Құрманғазының «Сарыарқа» күйінде ортасынан үзіп тастайтын глиссандосында одағай дыбыс емес, тіл қаруының бірі. Ол жай сахараның суреті ғана емес, Сарыарқаның тепсе темір үзетін қуат, алай-дүлей атшабыс, жорықты суретейтін ырғағы мен екпінін, үдей түсетін динамикасы, екінші дауыста өтетін фанфара тақырыбы – шын мәнінде жалпы халықтық ат қойған жоғарғы, шабуылы, еркіндік үшін аттанатын сияқты.
-Ал Құманғазы күйлерін халыққа жеткізген кім? Дина апамыз. Динаны халық Күй анасы Дина депте атайды.
Дина апамыз кішкентай кезінен-ақ осы өнерге әуес болған. Дина Нүрпейісованың қандай күйлерін білесіңдер?. «Тойбастар», «Әсем қоңыр» «Байжұма» «Бозшолақ» «Бұл-бұл» «Науай»
слайд № 6 Тәттімбет суреті.
Ал Тәттімбет Қазанғапұлына келсек, Қазақтың күйші компазиторы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушыларының бірі. Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Абай атындағы селолық округінде Қызылжар қыстауында орта шару жанұясында дүниеге келген. Туған өңіріндегі қалың елді тәнті еткен Тәттімбет «Сары өзен», «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Бес төре», «Жетім қыз», «Ноғай қазақ», «Азамат» ,«Көкейтесті» т.б қырықтан астам күйлердің авторы. Дарынды композитор, асқан күйші Тәттімбет Қазанғапұлы көп жасамаған. Ол 1862 жылы 47 жасында дүние салған. Бірақ ол өзінің қысқа өміріне қарамастан, артына өшпес мұра қалдырып кеткен өнер иесі. Қазанғаптың күйлерін елге танытқан Секен Тұрысбеков .
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген. Атақты музыка зертеушісі академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген. Науша Бокейханов күйшінің 50 шақты күйін тартады екен. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты.
Слайд № 7 Дәулеткерейдің суреті
Дәлеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі болып тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. Өткен ғасырдың 70ші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сұрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі. Оның алғашқы шығармаларының бірі Қыз Ақжелеңн. Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған . Біз осы күйді ойнап шықсақ.
№ Қыз Ақжелең күйін ойнау.
Слайд № 8 Сейтектің суреті.
Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Орда ауданында дүниеге келген – күйші – композитор, қазақтың төкпе күй негізін салушы. Сейтектің «Ақсақ құлан» «Ел айрылған» «Заман-ай» сияқты күйлері бар. Сейтек заман әділетсіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутрка, Мәскеу түрмелеріне қамалады. 1897 жылы Сібірге жер аударылады. Осы кезеңде «Айдау», «Түңілдім» ,«Арман» атты күйлерін шығарады. 1905 жылы каторгдан босап , еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнеленеді. «Жігер», «Заман-ай» т.б терең психологиялық мазмұнға құрылған күйлері Сейтек шығармаларының жан- жақты өріс алғандығын танытады. Сейтектің «Заман-ай» күйін тыңдау.

Слайд № 9 Домбыра құрлысы.
Домбыра құрлысын кім біледі? Домбыра құрылысына тоқталсақ; басы, құлақтары, пернелері, мойыны, шанақ, бетқақпақ, және ішектер. Сондайақ оның көптеген қосымша бөлшектері бар. Тиек, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек. Домбыра тиегі үш түрлі болады; шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек. Аңызда айтқандай өнер шайтанмен келеді деп. Домбыраның шайтан тиегі қалай шыққан?
Слайд № 10 Домбыра суреті
Ал енді гамма ойнап қолымызды жаттықтырып алайық .
Үйге берілген тапсырманы кім айтады? Халық күйі «Жастар би» оқушылар ансамбльде бір-бірін тыңдап бірігіп ойнап үйрену. Оқушылармен әр тактыны бірге ойнап, бірнеше рет көрсету.
Динамика дегеніміз не? Апплика тура дегеніміз не? Өлшем дегеніміз не? Қандай тыныс белгілерін білесіңдер? Ансамбль дегеніміз не?
Домбыраның және фортепиананың сүйемелдеуімен шығармаларды орындауға болады. Басқа ұлттың аспабына қарағанда біздің киелі домбырамызда оңай және әсем ойналады. Фортепиананың сүйемелдеуімен Е. Брусиловскиидің «Қыз арманы» шығармасын орындау үшін ортаға Алимханова Арайды шақырамыз.
Келесі кезекте Моцатың Ронда шығармасымен Тлеутаев Арнұрды шақырамыз.
Слайд №11 Оркестір суреттері муз Сарыарқа, Аққу
Ахмет жұбановтың құруымен «Құрманғазы оркестірі» құралған. 1934 жылы қазақ халық аспаптар оркестрінің құрылуымен прима, альт тенор, бас, контрабас бірігіп ойнап, үлен оркестр құрылған екен. Нұғиса Тілендиевтың Отырар сазы оркестірін білесіндерме Ол оркестірді қазіргі кезде Нұрғисаның қызы Динар жалғастырып келеді.
Үйгетапсырма: Халық күйі «Кеңес» Бұл күйде лига ойыны бар. Лига дегеніміз бір биікіктегі дыбыстарды байланыстырып, ұзартатын таға тәріздес сызықша белгі.

Приложенные файлы


Добавить комментарий