«»Біз ба?ытты баламыз» (4-сынып)»


Сабақтың тақырыбы:Біз бақытты баламыз.
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Балалардың дүниетанымын ой-өрісін дамыту. Балаларды бір-бірін құрметтеуді, отбасын сыйлауды, өнерді сүйе білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шар, суреттер.
Сабақтың барысы:Кіріспе
1-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін сіздерді бастауыш сынып оқушыларының «Біз бақытты баламыз» атты музыкалық мантажын көруге шақырамыз.
Былдырлаған бал тілімнің,
Тәттілігін танытқан.
Туған жерім, түйсігімді,
Танымымды танытқан.
2-жүргізуші.
Балалық шақ,
Шыңырауы шаттықтың
Балалық шақ
Бал бұлағы пәктіктің
Жапырағы жас құрақтың
Шамшырағы жастықтың
Балалығы басым ерке,
Ұланыңмын бүгінгі.
Туған елім есейгенде,
Көтеремін жүгіңді.
1-жүргізуші. Адам баласының ең бақытты да өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол балалық кезең. Ата-ананың қасында шат-шадыман күлкімен уақыт өткізетін өмірдің қайта келмес сағынышқа толы кезеңі.
6.Қара өлең. «Бақыт деген не?»
2-жүргізуші.
Гүлсезім балалық әлеміне саяхат жасасақ қайтеді.
1-жүргізуші. Жарайды.Сұлтан біз балалық әлеміне жету үшін әр аялдамадағы тапсырмаларды орындауымыз қажет.
9.Отбасы аялдамасы.
Балалар отбасы деген не?
Әр бала бақытты болу үшін, өзінің сыйластыққа толы отбасы болуы керек. Отбасы мүшелері бір-бірін сыйлайды, үлкенге құрмет көрсетеді.
10. Ән «Ананың тілі»
11.2- сынып оқушыларының орындауында «Қошақаным» әні.
12. Достық аялдамасы.
2-жүргізуші.
Балалар сендер жалғыз немесе көп болып ойнағанды ұнатасыңдар ма? (ия)
1-жүргізуші. Сұлтан біз білетін достық ережесі қандай еді?
2-жүргізуші.
Жолдасқа көмек көрсету.
Қолыңнан келгенді досыңа үйрету
Ойын кезінде заттарыңды бөлісу.
Тату ойнау, мақтанбау
Егер досың жаман қылық жасаса оған қате екенін айту.
15.Мақал-мәтел жарысы.
16.Хор: «Достық» әні. Орындайтын 1-сынып оқушылары.
1-жүргізуші. Ұлттық аялдамасы.( сұрақ-жауап)
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақ елінің басшысы кім?
Ел ордамыз қай қала?
Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
Мемлекеттік тіл қай тіл?
2-жүргізуші.
Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты Тәуелсіз мемлекет. Бұл мемлекетте барлық ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.
19. «Өзбек» биі.
20.Көрініс: «Ана тілі»
21.Би: «Айгөлек»
22. Би: «Қара жорға»
23. Қара өлең: «Қазақстан –ғажапстан» Әмілбек Ж,Садықпек Ж
24. Қара өлең: «Ана тілі» Жүрсінәлі А
1-жүргізуші. Балалар желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
1-желтоқсан президент күні
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні
25. Би: «Кел билейік»
26.Қазақы дастарханым» әні. Орындайтын:Жүнісбек А
27. «Мен-қазақтың баласымын» қара өлең.
28.Көңілді аялдама
Жұмбақ, жаңылтпаш айту.
29.Бақыт аялдамасы
Бақыт дегеніміз не?
Біздің балалық шағымыз өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз, қуанышты күндеріміз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз, мектепке барамыз.Мектепте ең қызықты күндерді өткіземіз. Өйткені қалам ұстап оқу, жазуды, достықты және сыйластықты үйренеміз. Осының бәрін үйреткен ұстаздарға мың алғыс.
30.Хор: «Ұстазым» әні
31. «Құтты болсын мереке» әні. Орындайтын 3- сынып оқушылары.
32.Қорытынды.


Приложенные файлы


Добавить комментарий