Аппликация — «Жа?а жылды? шырша»


Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Аппликация
Тақырыбы: «Жаңа жылдық шырша»
Мақсаты: жаңажылдық мереке туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: жаңа жылдық шырша ойыншықтарын (дөңгелекті) шыршаға орналастыруға үйрету.
Дамытушылық: тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру:
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: жаңажылдық шыршамен таныстыру.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, жаңажылдық шырша және қысқы орманның суреті, магнитті тақта, түрлі түсті дөңгелек пішіндер.
Сөздік жұмысы: жаңа жыл
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Педагог балаларды шыттық щеңберіне тұрғызады.
Бал-бал бөбек, бал бөбек,
Бөгелмей білім ал, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің –
Елге есті ер керек,
Ержет, есей ертерек!
(І.Жансүгіров) Ойын жағдаяты:
- Балалар, біз бүгін қысқы «Орманға» саяхат жасайық. Балалар шеңбер жасап тұрады, педагогпен бірге өлеңді қайталайды.
Балалар «Орманға» баруға қызығушылық білдіреді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Педагог балалармен «орманға» келеді.
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
(С.Жиенбаев)
- Балалар, айналаға қараңдаршы, біз орманға келдік. (Жаңажылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету).
- Балалар, мынау қандай ағаш?
-Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді?
-Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?
Сөздік жұмысы: жаңа жыл
-Шыршаға нелер ілінеді?
-Біз шыршаның қасында не істейміз?
Дидактикалық ойын:
«Түсін ажырат!»
Педагог балаларға сары, қызыл, көк түстерді ажыратуды үйретеді ( түрлі түсті дөңгелек пішіндер арқылы).
Сергіту сәті
Алақай, алақай,
Қуанды балақай!
Күз ауды, қар жауды,
Құс кетті, қыс кетті.
Дала қар күтеді,
Жаңа жыл жетеді.
(Е.Өтетілеуұлы)

Педагог үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Мынау не?
-Ол не үшін керек?
-Мынау қандай дөңгелек?
-Ал мынау қандай дөңгелек?
-Мынау қандай дөңгелек?
-Сыйлықтар қайда орналастырылады?
Педагог дайын шыршаға жаңажылдық ойыншықтарды – түрлі-түсті дөңгелектерді қалай орналастыруды магнитті тақтада көрсетеді.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Мұқият тыңдайды.
Айналаны қарастырады.
-Мынау - шырша.
-Жаңа жыл мерекесінде.
-Аязата мен Ақшақар келеді.
Қайталайды: Жаңажыл
-Шыршаға ойыншықтар ілінеді.
-Шыршаның қасында өлең, тақпақ айтып, би билейміз.
Балалар сары, қызыл, көк түстерді ажыратады.
Балалар қолдарын шапалақтайды, әрі-бері сермейді, қолдарын екі жаққа созады, орындарында секіреді.
Иллюстрацияны қарап, жауап береді:
-Жұлдызша.
-Оны шыршаның ең ұшына іліп қояды.
-Қызыл.
-Көк.
-Сары.
-Шыршаның астында.
Мұқият қарап, тыңдайды.
Педагогтің нұсқауын орындайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік - Ал, балалар, сендерге шырша ұнады ма?
- Ол қандай екен?
Жаңажылдық ән орындауды ұсынады. -Ұнады.
-Шырша жасыл, шыршаның жасыл инелері бар.
Әнді орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Түсінеді: жаңажылдық мереке туралы біледі.
Қабылдайды: шыршаны ойыншықтармен безендіреді.
Есеп:
+ -

Приложенные файлы


Добавить комментарий