Д?ниетану Бізді? к?лік 2 сынып


Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Біздің көлік
Сабақтың мақсаты: арнайы көлік түрлері туралы білімдерін кеңейту; оқушыларды үйде,мектепте қауіпсіздік ережесін сақтап жүруге үйрету.
Көрнекілігі: арнайы көлік түрлері бейнеленген суреттер,тірек қағаздар.
Сабақтың барысы
Ι Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
ΙΙ Үй тапсырмасын тексеру.
«Қандай көлікке отыру керек?» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға үй, жол, аспан, теңіз, теміржол бейнеленген сурет ілінеді.
Жұмбақ.
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. Шешуі:ұшақ.
Мамандықты көлікпен байланыстыру. Көлікпен ұшуға, сумен жүзуге, машина және пойызбен жүруге болады.
Жаңа сабақ
-Төтенше жағдайда, мысалы, өрт шықса, қандай көліктерді шақырады?
1-жағдаят:
-Газ плитасына шәйнек қойып, теледидар көруге отырдың. Шәйнек қайнап, суы төгілді де, көгілдір от сөніп қалды. Ал плитаның құлағы ашық қалғандықтан, газ шығып жатыр. Бұл өте қауіпті! Үйде қандай жағдай болуы мүмкін? Қандай арнайы машинаны шақыру керек?
Оқушы жауаптары:
-Газдың иісі шығысымен плитаның құлағын жауып қою керек. Терезені ашып желдету керек. Газдың иісінен адам уланып қалады. «Жедел жәрдем» шақырылады.
-Газ көп шығып кетсе, кез келген тұтанған оттан газ қызметінің адамдарын шақыру керек.
2-жағдаят:
Көшеден өтіп бара жатып, келе жатқан машинаны байқамай қалдың.Машина қағып кетіп, сен жарақат алдың. Адамдар қандай көлікті шақырады?
Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтін оқылғаннан кейін, арнайы көліктер туралы білімдері пысықталады.
2. Топпен жұмыс.
1-топ «Ұшқыштар»
2-топ «Құтқарушылар»
3-топ «Спортшылар»
Дәптермен жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
Көлік түрлеріне туралы сурет салу

Приложенные файлы


Добавить комментарий